Посты с тэгом: #ЖТЖ

Жедел төлемдер жүйесінің үш айдағы жұмысының қорытындылары

2022 жылғы 20 маусымда Қазақстанда жедел төлемдер жүйесі (ЖТЖ) іске қосылды. ЖТЖ Қазақстан аумағындағы төлем нарығының қатысушылары (екінші деңгейдегі банктер және төлем ұйымдары) арасында телефон нөмірі бойынша жедел аударымдар мен QR-код бойынша төлемдер жасауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Жүйенің қатысушылары 7 банк болып табылады:

  1. «Еуразиялық банк» АҚ
  2. «First Heartland Jusan Bank» АҚ
  3. «Казпошта» АҚ
  4. «Bereke Bank» АҚ
  5. «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ
  6. «ForteBank» АҚ
  7. «Банк ЦентрКредит» АҚ

Үш ай ішінде ЖТЖ-дағы транзакциялар саны 18 мыңға жетті. Осы уақыт ішінде ЖТЖ арқылы транзакция көлемі 1,6 миллиард теңгеден асты.

Ағымдағы жылдың соңына дейін төлем нарығының қалған қатысушыларын қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жаңа қатысушылардың қосылуына қарай халық пен бизнес үшін ЖТЖ банкаралық сервистерін одан әрі дамыту күтілуде.

«Жедел төлемдердің әмбебап төлем жүйесін әзірлеу және енгізу»

2020 жылғы 7 қазаннан бастап әртүрлі төлем шешімдері мен нарық қатысушыларының (банктер, төлем ұйымдары) өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін жедел төлемдердің әмбебап төлем жүйесін әзірлеу және енгізу мақсатында, РМК «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» «Жедел төлемдердің әмбебап төлем жүйесін әзірлеу және енгізу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық ету туралы хабарлайды.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бастау туралы хабарламаның мәтінімен «ҰТК» бөлімінің «Ынтымақтастық» бөлімінен таныса аласыз.