Ұлттық антифрод-орталықтың екі жылдағы қызметінің қорытындылары

Алматы  қ. 22 шілде 2026 жыл

 

Екі жылдық қызметі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында құрылған Ұлттық Антифрод-орталық қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесінің негізгі тетігіне айналды.

Жыл сайын Ұлттық Антифрод-орталық және оның қатысушылары қаржы нарығының қызметтері мен сервистерін пайдаланушыларды қорғауды және алаяқтық схемаларды уақтылы анықтауды және алдын алуды қамтамасыз ете отырып, азаматтар мен ұйымдарға ондаған миллиард теңгеге қаржылық залалдың алдын алады.

Бүгінде Ұлттық Антифрод-орталық банктердің, төлем ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және байланыс операторларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, алаяқтық схемаларды жедел анықтауға, ақпарат алмасуға және заңсыз операциялардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Платформада алаяқтар, күмәнді шоттар, цифрлық активтер, телефон нөмірлері, сондай-ақ зардап шеккендер мен әлеуетті жәбірленушілер туралы мәліметтерді қамтитын мамандандырылған деректер базалары қалыптастырылған. Бұл алаяқтық белгілерін жедел анықтауға және заңсыз операциялардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ұлттық Антифрод-орталықтың қатысушылары:

-Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

-Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

-барлық екінші деңгейдегі банктер;

-төлем және микроқаржы ұйымдары;

-Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

-Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

-Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

-ұялы байланыс операторлары және т.б.

Бірыңғай платформа аясындағы бірлескен жұмыс нәтижесінде Ұлттық Антифрод-орталықтың қатысушылары күмәнді операциялар туралы ақпаратпен нақты уақыт режимінде алмасып, алаяқтық белгілерін уақтылы анықтап, келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдай алады.

Ұлттық Антифрод-орталық қызметі кезеңінде:

  1. 180 мыңнан астам оқиға өңделді, оның ішінде:

-78%-ы – қаржылық алаяқтық;

-7%-ы – телефон арқылы жасалатын алаяқтық;

-15%-ы – өзге де заңсыз операциялар.

«Екі жыл ішінде Ұлттық Антифрод-орталық Қазақстанның азаматтары мен қаржы жүйесін қорғаудың маңызды құралына айналды. Екінші деңгейдегі банктер, мемлекеттік органдар, байланыс операторлары және басқа да қатысушылар атынан 250 — ден астам қатысушылардың бірлестігі бір платформада қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттырды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Жанар Самаева.

2027–2031 жылдарға арналған дамудың мақсатты архитектурасына сәйкес Ұлттық Антифрод-орталықты одан әрі жетілдіру жоспарлануда. Негізгі назар орталықтандырылған талдауды дамыту, ұлттық төлем жүйелері деңгейінде транзакциялық антифрод тетіктерін енгізу және жасанды интеллект негізінде әзірленген көмекші агенттерді қолдану арқылы алаяқтық фактілеріне ден қоюдан олардың алдын алуға көшуге аударылады.

 

Толық ақпарат алу үшін:

+7 (775) 9993788 Malikova.A@npck.kz (Алия Маликова).