Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – ҰТК) өз қызметін заңдылық, адалдық, объективтілік және бейтараптық қағидаттары негізінде жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасы, іскерлік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талаптарының сақталуына ерекше назар аударады.

Комплаенс-қызметі

ҰТК-ның Комплаенс-қызметі корпоративтік басқару жүйесінің бір бөлігі болып табылады және комплаенс-тәуекелдерді басқаруға, бұзушылықтардың алдын алуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыруға жауап береді.

Комплаенс-қызметінің негізгі міндеттері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық және сыбайлас жемқорлықтан бас тарту қағидаттарын енгізу, сондай-ақ ҰТК қызметкерлерінің белгіленген талаптар мен іскерлік әдеп стандарттарын сақтауын қамтамасыз ету.

Өз қызметі шеңберінде Комплаенс-қызметі:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын бақылайды;

мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу бойынша жұмыс жүргізеді, сондай-ақ сыйлықтарға қатысты белгіленген шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;

сыбайлас жемқорлықтың, алаяқтықтың ықтимал фактілері, Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын бұзу және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер туралы келіп түскен өтініштерді қарайды;

келіп түскен өтініштер бойынша қызметтік тексерулер жүргізеді және анықталған бұзушылықтар туралы ҰТК басшылығына хабарлайды.

Сенім телефоны

ҰТК-да «Сенім телефоны» жұмыс істейді, ол арқылы қызметкерлер, контрагенттер және өзге де тұлғалар Корпорацияның қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлықтың, алаяқтықтың ықтимал фактілері, іскерлік әдеп нормаларын бұзу және басқа да құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабарлай алады.

Барлық келіп түскен хабарламалар құпиялылық талаптары сақтала отырып, белгіленген тәртіппен қаралады. Өтініш жасырын түрде жіберілуі мүмкін.

Байланыс деректері көрсетілген жағдайда, өтініш берушіге өтінішті қарау нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасында және ҰТК-ның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен хабарланады.

Қайда жүгінуге болады

    Құпиялылық кепілдігі

    Келіп түскен барлық хабарламалар құпия тәртіппен қаралады. Ақпарат тек тексеру жүргізу үшін қолданылады. Ықтимал бұзушылықтар туралы адал хабарлаған адамдарға қатысты қудалауға, кемсітуге не өзге де теріс әсерге жол берілмейді.

    Электрондық пошта: senim@npck.kz

    Сенім телефоны: +7(727) 297 91 00

    Пошталық мекенжай: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Көктем-3 ы/а, 21 үй