Банкаралық QR және телефон нөмірі бойынша аударымдар жедел төлемдерді пайдаланатын қазақстандықтардың басым бөлігіне қолжетімді болды

Алматы қ., 2026 жылғы 17 шілде

Ұлттық төлем корпорациясы Банкаралық жедел төлемдер жүйесін дамытудың кезекті кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Жүйеге қатысушы банктер санының артуының нәтижесінде телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар және Банкаралық QR арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу сервистері мобильді банк қосымшаcын пайдаланатын әрбір қазақстандыққа қолжетімді болды.

Банкаралық жедел төлемдер жүйесі Ұлттық төлем жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және банкаралық аударымдар мен QR-төлемдерді жүзеге асыру кезінде банктердің бірыңғай инфрақұрылымдық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Банктердің жүйеге қосылуына қарай жаңа сервистер олардың клиенттеріне жеке қосымшаларды пайдаланбай-ақ және қалыптасқан пайдаланушылық тәжірибені өзгертпей қолжетімді болады.

Телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар банк клиенттеріне әртүрлі банктердегі шоттар арасында нақты уақыт режимінде ақшалай қаражатты лезде аударуға мүмкіндік береді. Банкаралық QR қызметі сауда-сервис кәсіпорнына қызмет көрсететін банкке қарамастан, өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бизнес үшін бұл әртүрлі банктердің клиенттерінен төлемдерді бірыңғай ұлттық төлем инфрақұрылымы арқылы қабылдау мүмкіндігін білдіреді.

«Бүгін біз Ұлттық төлем жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге қол жеткіздік. Банкаралық QR және телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар мобильді банкингті пайдаланатын әрбір қазақстандықтарға қолжетімді болып отыр. Бұл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Ұлттық төлем корпорациясы және банк қауымдастығының бірлескен ауқымды жұмысының нәтижесі. Жобаны іске асыруға қатысқан және өз клиенттері үшін жаңа төлем сервистерін дамытуды жалғастырып отырған барлық банктерге алғысымызды білдіреміз. Банкаралық жедел төлемдер жүйесін дамыту жалғасады және біз оның функционалдық мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен кеңейтіп, азаматтар, бизнес және еліміздің қаржы нарығы үшін одан да ыңғайлы, қауіпсіз әрі технологиялық төлем инфрақұрылымын қалыптастыруды жалғастырамыз», – деп атап өтті Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрағасы Жанар Самаева.

Ұлттық төлем корпорациясы Банкаралық жедел төлемдер жүйесінің жұмыс істеуін және оны одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігін, ыңғайлылығын және қауіпсіздігін арттыруға, заманауи цифрлық қаржылық сервистерді дамытуға, банктердің төлем шешімдерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.

 

БАҚ үшін байланыстар 

Алия Маликова, +7-775-999-37-88