Ұлттық антифрод-орталықтың екі жылдағы қызметінің қорытындылары

Опубликовано: 22 июля, 2026 в 12:21 пп

Категории: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары

Алматы  қ. 22 шілде 2026 жыл

 

Екі жылдық қызметі ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ базасында құрылған Ұлттық Антифрод-орталық қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесінің негізгі тетігіне айналды.

Жыл сайын Ұлттық Антифрод-орталық және оның қатысушылары қаржы нарығының қызметтері мен сервистерін пайдаланушыларды қорғауды және алаяқтық схемаларды уақтылы анықтауды және алдын алуды қамтамасыз ете отырып, азаматтар мен ұйымдарға ондаған миллиард теңгеге қаржылық залалдың алдын алады.

Бүгінде Ұлттық Антифрод-орталық банктердің, төлем ұйымдарының, мемлекеттік органдардың және байланыс операторларының өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, алаяқтық схемаларды жедел анықтауға, ақпарат алмасуға және заңсыз операциялардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Платформада алаяқтар, күмәнді шоттар, цифрлық активтер, телефон нөмірлері, сондай-ақ зардап шеккендер мен әлеуетті жәбірленушілер туралы мәліметтерді қамтитын мамандандырылған деректер базалары қалыптастырылған. Бұл алаяқтық белгілерін жедел анықтауға және заңсыз операциялардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Ұлттық Антифрод-орталықтың қатысушылары:

-Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

-Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

-барлық екінші деңгейдегі банктер;

-төлем және микроқаржы ұйымдары;

-Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

-Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

-Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

-ұялы байланыс операторлары және т.б.

Бірыңғай платформа аясындағы бірлескен жұмыс нәтижесінде Ұлттық Антифрод-орталықтың қатысушылары күмәнді операциялар туралы ақпаратпен нақты уақыт режимінде алмасып, алаяқтық белгілерін уақтылы анықтап, келтірілуі мүмкін залалдың алдын алу бойынша қажетті шараларды қабылдай алады.

Ұлттық Антифрод-орталық қызметі кезеңінде:

  1. 180 мыңнан астам оқиға өңделді, оның ішінде:

-78%-ы – қаржылық алаяқтық;

-7%-ы – телефон арқылы жасалатын алаяқтық;

-15%-ы – өзге де заңсыз операциялар.

«Екі жыл ішінде Ұлттық Антифрод-орталық Қазақстанның азаматтары мен қаржы жүйесін қорғаудың маңызды құралына айналды. Екінші деңгейдегі банктер, мемлекеттік органдар, байланыс операторлары және басқа да қатысушылар атынан 250 — ден астам қатысушылардың бірлестігі бір платформада қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттырды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Жанар Самаева.

2027–2031 жылдарға арналған дамудың мақсатты архитектурасына сәйкес Ұлттық Антифрод-орталықты одан әрі жетілдіру жоспарлануда. Негізгі назар орталықтандырылған талдауды дамыту, ұлттық төлем жүйелері деңгейінде транзакциялық антифрод тетіктерін енгізу және жасанды интеллект негізінде әзірленген көмекші агенттерді қолдану арқылы алаяқтық фактілеріне ден қоюдан олардың алдын алуға көшуге аударылады.

 

Толық ақпарат алу үшін:

+7 (775) 9993788 Malikova.A@npck.kz (Алия Маликова).

Банкаралық QR және телефон нөмірі бойынша аударымдар жедел төлемдерді пайдаланатын қазақстандықтардың басым бөлігіне қолжетімді болды

Опубликовано: 17 июля, 2026 в 1:26 пп

Категории: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары

Алматы қ., 2026 жылғы 17 шілде

Ұлттық төлем корпорациясы Банкаралық жедел төлемдер жүйесін дамытудың кезекті кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Жүйеге қатысушы банктер санының артуының нәтижесінде телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар және Банкаралық QR арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу сервистері мобильді банк қосымшаcын пайдаланатын әрбір қазақстандыққа қолжетімді болды.

Банкаралық жедел төлемдер жүйесі Ұлттық төлем жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және банкаралық аударымдар мен QR-төлемдерді жүзеге асыру кезінде банктердің бірыңғай инфрақұрылымдық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Банктердің жүйеге қосылуына қарай жаңа сервистер олардың клиенттеріне жеке қосымшаларды пайдаланбай-ақ және қалыптасқан пайдаланушылық тәжірибені өзгертпей қолжетімді болады.

Телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар банк клиенттеріне әртүрлі банктердегі шоттар арасында нақты уақыт режимінде ақшалай қаражатты лезде аударуға мүмкіндік береді. Банкаралық QR қызметі сауда-сервис кәсіпорнына қызмет көрсететін банкке қарамастан, өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бизнес үшін бұл әртүрлі банктердің клиенттерінен төлемдерді бірыңғай ұлттық төлем инфрақұрылымы арқылы қабылдау мүмкіндігін білдіреді.

«Бүгін біз Ұлттық төлем жүйесін дамытудағы маңызды кезеңге қол жеткіздік. Банкаралық QR және телефон нөмірі бойынша банкаралық аударымдар мобильді банкингті пайдаланатын әрбір қазақстандықтарға қолжетімді болып отыр. Бұл – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Ұлттық төлем корпорациясы және банк қауымдастығының бірлескен ауқымды жұмысының нәтижесі. Жобаны іске асыруға қатысқан және өз клиенттері үшін жаңа төлем сервистерін дамытуды жалғастырып отырған барлық банктерге алғысымызды білдіреміз. Банкаралық жедел төлемдер жүйесін дамыту жалғасады және біз оның функционалдық мүмкіндіктерін кезең-кезеңімен кеңейтіп, азаматтар, бизнес және еліміздің қаржы нарығы үшін одан да ыңғайлы, қауіпсіз әрі технологиялық төлем инфрақұрылымын қалыптастыруды жалғастырамыз», – деп атап өтті Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрағасы Жанар Самаева.

Ұлттық төлем корпорациясы Банкаралық жедел төлемдер жүйесінің жұмыс істеуін және оны одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру қолма-қол ақшасыз төлемдердің қолжетімділігін, ыңғайлылығын және қауіпсіздігін арттыруға, заманауи цифрлық қаржылық сервистерді дамытуға, банктердің төлем шешімдерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.

 

БАҚ үшін байланыстар 

Алия Маликова, +7-775-999-37-88

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы UnionPay International-мен QR-кодтар бойынша трансшекаралық төлемдерді дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Опубликовано: 22 июня, 2026 в 4:06 пп

Категории: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары

 

Шанхай, Қытай Халық Республикасы

18 маусым 2026 ж.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ («ҰТК» АҚ) – Қазақстанның төлем жүйелері мен цифрлық қаржылық инфрақұрылымының ұлттық операторы – UnionPay өнімдері мен қызметтерін халықаралық деңгейде дамыту бойынша China UnionPay компаниясының жаһандық бөлімшесі UnionPay International (UPI) ұйымымен Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойылғанын жариялады.

Келісім Қазақстанның төлем жүйесін UnionPay-дің жаһандық желісімен ықпалдастыру арқылы QR-кодтар негізіндегі ыңғайлы трансшекаралық жедел төлемдерді дамытуға бағытталған. Бұл Қазақстан мен Қытай арасында, сондай-ақ UnionPay сервистері жұмыс істейтін басқа нарықтарда саяхатшыларға, бизнеске және тұтынушыларға жылдам, қауіпсіз әрі тиімді QR-төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Меморандум аясында тараптар 2025 жылдың соңында іске қосылған «ҰТК» АҚ Банкаралық жедел төлемдер жүйесінің QR-төлем сервисімен UnionPay QR Code Payment шешімдерін интеграциялау бойынша бірлесіп жұмыс жүргізеді. Пайдаланушылар UPI сервистеріне қосылған банктердің мобильді қосымшалары арқылы Қазақстандағы миллиондаған сауда нүктелерінде тауарлар мен қызметтердің ақысын төлей алады. Осылайша, Қытайдан және басқа елдерден келген UnionPay пайдаланушылары Қазақстандағы кең ауқымды сауда және қызмет көрсету желісінде – бөлшек саудадан бастап HoReCa, туризм және сервистік қызметтерге дейін – QR арқылы төлем жасау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, туризм мен сауданың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, төлемдерді жеңілдетіп, Алматы, Астана сияқты ірі қалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлерге қытайлық туристер мен бизнестің көбірек келуіне жағдай жасайды.

Құжатқа «ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы Жанар Самаева және UnionPay International компаниясының Бас атқарушы директоры (CEO) Ван Лисинь (Wang Lixin) қол қойды. Тараптар қол жеткізілген келісімдерді толық сақтауға бейілді екендерін растады және қаржы мен төлем жүйелерінің өзара іс-қимылы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Олар бұл серіктестік инфрақұрылымды кеңейтуге мол мүмкіндік беріп, трансшекаралық төлемдерді бұрынғыдан да қолжетімді ететінін атап өтті.

Техникалық интеграция, пилоттық жобалар және іске қосу мерзімдері туралы қосымша ақпарат жобаларды жүзеге асыру барысында жарияланатын болады.

«ҰТК» АҚ туралы:Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарамағындағы төлем инфрақұрылымының ұлттық операторы.

UnionPay International туралы: UnionPay карталарын және цифрлық төлемдерін (QR және QuickPass қоса алғанда) 180+ елдер мен өңірлерде ілгерілететін China UnionPay еншілес компаниясы.

 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады

+7 (775) 9993788 Malikova.A@npck.kz (Алия Маликова).

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы UnionPay International-мен QR-кодтар бойынша трансшекаралық төлемдерді дамыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

Опубликовано: 22 июня, 2026 в 3:45 пп

Категории: Без рубрики

Шанхай, Қытай Халық Республикасы

18 маусым 2026 ж.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ («ҰТК» АҚ) – Қазақстанның төлем жүйелері мен цифрлық қаржылық инфрақұрылымының ұлттық операторы – UnionPay өнімдері мен қызметтерін халықаралық деңгейде дамыту бойынша China UnionPay компаниясының жаһандық бөлімшесі UnionPay International (UPI) ұйымымен Өзара түсіністік туралы меморандумға (MoU) қол қойылғанын жариялады.

Келісім Қазақстанның төлем жүйесін UnionPay-дің жаһандық желісімен ықпалдастыру арқылы QR-кодтар негізіндегі ыңғайлы трансшекаралық жедел төлемдерді дамытуға бағытталған. Бұл Қазақстан мен Қытай арасында, сондай-ақ UnionPay сервистері жұмыс істейтін басқа нарықтарда саяхатшыларға, бизнеске және тұтынушыларға жылдам, қауіпсіз әрі тиімді QR-төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Меморандум аясында тараптар 2025 жылдың соңында іске қосылған «ҰТК» АҚ Банкаралық жедел төлемдер жүйесінің QR-төлем сервисімен UnionPay QR Code Payment шешімдерін интеграциялау бойынша бірлесіп жұмыс жүргізеді. Пайдаланушылар UPI сервистеріне қосылған банктердің мобильді қосымшалары арқылы Қазақстандағы миллиондаған сауда нүктелерінде тауарлар мен қызметтердің ақысын төлей алады. Осылайша, Қытайдан және басқа елдерден келген UnionPay пайдаланушылары Қазақстандағы кең ауқымды сауда және қызмет көрсету желісінде – бөлшек саудадан бастап HoReCa, туризм және сервистік қызметтерге дейін – QR арқылы төлем жасау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, туризм мен сауданың дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, төлемдерді жеңілдетіп, Алматы, Астана сияқты ірі қалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлерге қытайлық туристер мен бизнестің көбірек келуіне жағдай жасайды.

Құжатқа «ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы Жанар Самаева және UnionPay International компаниясының Бас атқарушы директоры (CEO) Ван Лисинь (Wang Lixin) қол қойды. Тараптар қол жеткізілген келісімдерді толық сақтауға бейілді екендерін растады және қаржы мен төлем жүйелерінің өзара іс-қимылы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді. Олар бұл серіктестік инфрақұрылымды кеңейтуге мол мүмкіндік беріп, трансшекаралық төлемдерді бұрынғыдан да қолжетімді ететінін атап өтті.

Техникалық интеграция, пилоттық жобалар және іске қосу мерзімдері туралы қосымша ақпарат жобаларды жүзеге асыру барысында жарияланатын болады.

«ҰТК» АҚ туралы:Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарамағындағы төлем инфрақұрылымының ұлттық операторы.

UnionPay International туралы: UnionPay карталарын және цифрлық төлемдерін (QR және QuickPass қоса алғанда) 180+ елдер мен өңірлерде ілгерілететін China UnionPay еншілес компаниясы.

 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады

+7 (775) 9993788 Malikova.A@npck.kz (Алия Маликова).

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Axellect-пен бірлесіп Қазақстанда цифрлық теңгені енгізу перспективалары туралы зерттеу ұсынды

Опубликовано: 8 мая, 2026 в 9:01 дп

Категории: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Axellect-пен бірлесіп Қазақстанда цифрлық теңгені енгізу перспективалары туралы зерттеу ұсынды

Қазақстанның ұлттық төлем корпорациясы «Цифрлық теңге жобасының технологиялық серіктесі Axellect-пен бірлесіп, әлемдегі цифрлық теңге мен ұлттық цифрлық валюталарды енгізудің түйінді әсерлеріне, тәуекелдері мен сценарийлеріне арналған «Орталық банктің цифрлық валютасы (ОБЦВ): жаһандық сын-тегеуріндерден Қазақстанда іске асыруға» (https://npck.kz/kk/ortaly-bankti-tsifrly-valyutasy-obtsv-zha-andy-shary-taudan-bastap-aza-standa-iske-asyru-a/) зерттеуін ұсынды.

Құжат ОБЦВ-жобаларды дамытудың халықаралық тәжірибесін жинақтайды және цифрлық теңгенің Қазақстанның қаржы жүйесіне, бизнесіне және мемлекеттік басқаруына әлеуетті әсерін бағалайды. Есеп бойынша, әлемдік ЖІӨ-нің 98% — дан астамын құрайтын 100-ден астам ел орталық банктердің цифрлық валюталарын зерттейді немесе сынайды, бұл олардың жаһандық қаржы жүйесінің негізгі перспективалық құралы мәртебесін растайды.

Қазақстан цифрлық теңгені қаржылық егемендікті нығайту, төлем инфрақұрылымын жаңғырту және цифрлық ақша базасында инновациялық сервистерді дамыту құралы ретінде қарастырады. Мемлекет үшін цифрлық валюта бюджет шығыстарының ашықтығын арттыру, салық есептеулерін автоматтандыру және көлеңкелі экономиканы төмендету мүмкіндіктерін ашады. Бизнес үшін-транзакциялық шығындарды азайту, смарт-келісімшарттарды дамыту және мемлекеттік жүйелермен өзара іс-қимылды жеңілдету. Азаматтар үшін-қаражаттың қауіпсіздігін арттыру, офлайн төлемдерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің қолжетімділігі және операциялар құнын төмендету.

Зерттеуде цифрлық теңгені табысты енгізу тек технологиялық платформаның болуын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің, банктердің, бизнес пен пайдаланушылардың өзара іс-қимылының экожүйесін қалыптастыруды талап ететіні атап көрсетілген.

Авторлар цифрлық теңге елдің цифрлық экономикасының инфрақұрылымдық негізіне айналуға, қаржылық инклюзияны ынталандыруға және мемлекеттік қаржы ағындарын басқарудың тиімділігін арттыруға қабілетті екенін атап өтті. Қолданудың ең ықтимал сценарийлерінің қатарына ҚҚС қайтаруды автоматтандыру, бюджет қаражатын мақсатты пайдалану, субсидиялар мен әлеуметтік төлемдерді автоматтандыру, смарт-келісімшарттарды пайдалану және келісімшарттарды орындау кезінде қаражатты холдирлеу, міндеттемелердің орындалуын растайтын мемлекеттік келісімшарттар мен жеткізілімдер бойынша есеп айырысулар (G2B) жатады.

«Бүгінгі таңда ОБЦВ енгізудің негізгі сын-тегеуріндеріне халық пен бизнестің хабардарлығының төмендігі, банктер үшін жоғары инвестициялар, технологиялық шектеулер, бизнес-әсерлердің белгісіздігі және дәстүрлі төлем құралдары тарапынан бәсекелестік жатады.  Мемлекет деңгейінде басым сценарийлерді айқындау цифрлық теңгені тәжірибелік пайдаланудан оны мемлекеттік және G2B-процестерде қолданбалы қолдануға көшуге мүмкіндік береді», — деп түсіндірді «ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы Жанар Самаева.

 

Зерттеуді Аxellect Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен бірлесіп, Халықаралық есеп айырысу Банкінің, Халықаралық валюта қорының және әртүрлі елдердің орталық банктерінің есептерін қоса алғанда, Орталық банк енгізудің халықаралық тәжірибелерін талдау негізінде орындады. Қазақстанның қаржы секторының өкілдерімен қосымша сараптамалық консультациялар өткізілді.

Қазақстанда цифрлық теңге жобасы екі деңгейлі модель бойынша іске асырылуда: Ұлттық Банк эмиссия мен бақылауды жүзеге асырады, ал банктер мен финтех-компаниялар пайдаланушы сервистерін және нарықпен интеграцияны қамтамасыз етеді. Шешім архитектурасы қаржы жүйесінің тұрақтылығына және кезең-кезеңімен енгізуге бағытталған. Цифрлық теңге ҚҚС бойынша автоматтандырылған есептеулерді, бюджет қаражатын таңбалауды және аграрлық сектордағы төлемдерді холдирлеуді қоса алғанда, қолданбалы тесттер сатысынан өтеді. Axellect цифрлық теңге платформасының архитектурасын жобалауға және қолданудың басым сценарийлері үшін технологиялық модельді таңдауға қатысады.


«Орталық банктердің цифрлық валюталары қаржы жүйелерін трансформациялаудың негізгі элементіне айналуда. Қазақстан үшін цифрлық теңге-бұл тек технологиялық жоба ғана емес, сонымен қатар жаңа қаржылық сервистерді дамыту, экономиканың ашықтығын арттыру және жаһандық цифрлық қаржы инфрақұрылымына интеграциялау үшін стратегиялық платформа», — деп атап өтті Axellect компаниясының жоба жетекшісі Юлия Можаева.

Компаниялар туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы — елдің негізгі төлем инфрақұрылымының операторы және Қазақстанның цифрлық қаржы экожүйесін дамытуға қатысушылардың бірі. «ҰТК» АҚ  «Цифрлық теңге» жобасын іске асырады және ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамытуға қатысады.

Axellect-қаржы секторын цифрлық трансформациялауға, платформалық шешімдерді әзірлеуге және деректерді талдауға маманданған технологиялық және консалтингтік компания. Компания ұлттық цифрлық валюталар мен төлем инфрақұрылымы саласындағы бастамаларды қоса алғанда, цифрлық қаржы құралдарын дамыту жөніндегі жобалардың технологиялық серіктесі ретінде әрекет етеді.

БАҚ үшін байланыстар 

Алия Маликова, +7-775-999-37-88

Қазақстан кибер алаяқтықпен жүйелі күресті күшейтуде. Антифрод форумында не талқыладық?

Опубликовано: 8 апреля, 2026 в 6:40 пп

Категории: Без рубрики

Қазақстанда кибералаяқтық жекелеген оқыс оқиғалар шеңберінен шығып, азаматтардың қаржылық және жеке қауіпсіздігіне жүйелі қауіпке айналды. Мұндай қорытындыға мемлекеттік органдар, қаржы секторы, құқық қорғау құрылымдары, IT-индустрия және халықаралық ұйымдар өкілдерін біріктірген «Қазақстанның киберқаржылық қалқаны» антифрод-форумының қатысушылары келді.

Форумға қатысушылардың деректеріне сәйкес, 2025 жылы 26,3 мың интернет-алаяқтық фактісі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 86,1%-ға артық. Бұл ретте алаяқтық схемалар барған сайын ұйымдасқан әрі трансұлттық сипат алып келеді.

Елімізде кибералаяқтыққа қарсы іс-қимылдың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасты, оның негізгі элементі – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ұлттық төлем корпорациясының Антифрод-орталығы.

Антифрод-орталық өңір үшін бірегей құралға айналды. Оның тиімділігі «бір бөлме» қағидатына негізделген: банктер, байланыс операторлары және құқық қорғау органдары бірыңғай контурда жұмыс істейді. Бұл формат тек жекелеген операцияларды тоқтатуға ғана емес, 2025 жыл қорытындысы бойынша алаяқтық типологияларын жүйелеуге, орташа чек деңгейін анықтауға, тізбектердегі әлсіз тұстарды айқындауға және одан әрі даму бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, операциялар қаражат есептен шығарылғанға дейін тоқтатылған алдын алынған жағдайлар көбіне жария кеңістікте көрінбейді, ал қоғам назары негізінен залал келтірілген оқиғаларға шоғырланады. Бұл кибералаяқтықпен күрестің тиімділігіне қатысты қабылдауда белгілі бір алшақтық қалыптастырады.

Форумның негізгі екпіні ден қою моделінен проактивті қорғауға көшу болды. Қатысушылар цифрлық нарық қатысушылары арасында антифрод жүйелерін кеңінен енгізу, Антифрод-орталыққа қатысушылар шеңберін ұлғайту және антифрод ережелерін күшейту үшін деректер алмасуды дамыту қажеттігін атап өтті.

Осы тәсілдерді дамыту аясында Антифрод-орталықты кезең-кезеңімен жетілдіру жоспарланған. Бұл қылмыстық қудалау органдарының жұмысын оңтайландыру үшін жасанды интеллект агенттерін енгізуді, төлем жүйелері деңгейінде транзакциялық антифродты екінші қорғаныс желісі ретінде іске қосуды, цифрлық нарық қатысушыларын (цифрлық активтер провайдерлері мен маркетплейстерді) қосу, сондай-ақ көршілес мемлекеттердің антифрод-орталықтарымен өзара іс-қимылды дамыту шараларын қамтиды.

«Бүгінгі басты міндет – кибералаяқтықпен күресті операция жасалғанға дейінгі кезеңге көшіру. Біз банктер, телеком-операторлар және құқық қорғау органдары бірыңғай контур ретінде жұмыс істейтін, ал шешімдер нақты уақытқа жақын режимде қабылданатын жүйені қалыптастырып жатырмыз. Предиктивті модельге көшу алаяқтықты факт емес, әрекет деңгейінде тоқтатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҚР ҰБ ҰТК Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Айнура Измайлова.

Форумның негізгі қорытындысы – кибералаяқтыққа қарсы тиімді күрес тек мемлекет, қаржы секторы, телеком-операторлар және қоғам арасындағы толық үйлесім жағдайында ғана мүмкін. Бұл жүйеде ҰТК Антифрод-орталығы нақты уақыт режимінде деректер алмасуды және жедел әрекет етуді қамтамасыз ететін интегратор ретінде әрекет етеді.

Қатысушылар кибералаяқтыққа қатысты кең тараған мифтерді де талқылады. Ұсынылған деректер қаржы ұйымдарының миллиардтаған теңге көлеміндегі залалды алдын алып отырғанын, құқық қорғау органдарының нәтижелілігі артып келе жатқанын, ал дропперлік үшін жауапкершіліктің енгізілуі жаңа құқық қолдану тәжірибесін қалыптастырып жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, киберқылмыс барған сайын ұйымдасқан трансұлттық сипатқа ие болуда.

Азаматтардың рөліне ерекше назар аударылды: алаяқтық схемаларды тани алатын қазақстандықтардың үлесі 62,9%-ға жетті. Жүйенің тұрақтылығы халықтың цифрлық сауаттылығы мен киберқауіпсіздік мәдениетіне тікелей байланысты.

Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға, Ұлттық банкке, қаржы институттарына және халықаралық ұйымдарға жолданатын қарар қабылданды. Құжат кибералаяқтықпен күресті ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыты ретінде айқындап, азаматтар мен экономиканы қорғауды күшейту жөніндегі нақты шараларды белгілейді.

 

 

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады

+7 (775) 84-66-814

Akmayev.D@npck.kz

Цифрлық теңге: енгізу нәтижелері

Опубликовано: 12 марта, 2026 в 1:25 пп

Категории: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары,Новости и пресс-релизы

Ұлттық төлем корпорациясы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2025 жылғы «Цифрлық теңге» жобасын дамыту туралы қорытынды баяндамасын жариялады. Құжат тұғырнаманы тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңінің қорытындысын шығарады және ұлттық цифрлық валютаны өнеркәсіптік пайдалануға көшуге негіз болған негізгі жетістіктерді тіркейді.

2025 жыл ішінде жобаның негізгі фокусы цифрлық теңгені пайдаланудың практикалық сценарийлерін кеңейтуге және платформаны қолданыстағы қаржы және мемлекеттік инфрақұрылымға ықпалдастыруға бағытталды. Пилоттық жобалар нақты экономикалық процестерде бағдарламаланатын төлемдердің жұмысын тексеруге және платформаның технологиялық тұрақтылығын растауға мүмкіндік берді.

Негізгі бағыттардың бірі мемлекеттің қатысуымен жүргізілетін төлемдерде цифрлық теңгенің қолданылуы болды. Барлығы цифрлық теңгенің пилоттық жобалары шеңберінде 2025 жылдың соңына қарай қолданудың сегіз сценарийі іске асырылды. Платформа инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды, мемлекеттік сатып алуды іске асыруды, кәсіпкерлікті қолдауды және басқа да бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды қоса алғанда, түрлі сценарийлерде бюджет қаражатын мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету үшін пайдаланылды. Бағдарламаланатын тетіктерді қолдану қаражат қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етуге және бюджет шығыстарын басқаруды арттыруға мүмкіндік берді.

Пайдалану аясында платформада 336,6 млрд цифрлық теңге шығарылып, мыңнан астам транзакция жүргізілді. Алынған нәтижелер платформаның технологиялық және операциялық өміршеңдігін және оның кеңейтуге дайындығын растады.

2025 жылы да «Цифрлық ҚҚС» сценарийін дамыту жалғасты. Осы жоба шеңберінде қосылған құн салығының сомасы төлем жүргізу кезінде автоматты түрде таңбаланады және жеткізу тізбегі бойынша кейінгі есеп айырысулар үшін немесе салықты мемлекетке аудару үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Шешімнің архитектурасы төлемдерді электрондық шот-фактуралармен байланыстыруға және операциялардың толассыз цифрлық ізін қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттырады және ҚҚС қайтаруды жеделдетеді.

Бағдарламаланатын төлемдер тетігін дамыту жылдың маңызды нәтижесі болды. Пилоттық жобалар шеңберінде платформаның екі базалық құралы — қаражатты «таңбалау» және төлемдерді «холдирлеу» сынақтан өткізілді. Біріншісі қаражатты пайдалану шарттарын белгілеуге және олардың жеткізушілер тізбегі бойынша қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, екіншісі — расталған оқиғалар басталған кезде, мысалы мәмілені тіркегеннен немесе шарт талаптарын орындағаннан кейін төлемдерді автоматты түрде орындауға мүмкіндік береді.

2025 жылы жұмыстың жеке бағыты орталық банктердің цифрлық валюталарын пайдалана отырып, трансшекаралық төлемдер мүмкіндіктерін зерттеумен байланысты болды. Халықаралық есеп айырысуларды жеделдету үшін цифрлық валюталарды қолдану әлеуетін растайтын әртүрлі юрисдикциядағы платформалардың өзара іс-қимыл сценарийлеріне алдын ала зерттеулер мен технологиялық тесттер жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар цифрлық теңге платформасын дамудың келесі кезеңіне — өнеркәсіптік пайдалануға көшуге дайындауға мүмкіндік берді. Пилоттық жобалардың тәжірибесі ұлттық цифрлық валюта бюджеттік процестерде, салықтық әкімшілендіруде және төлемдердің жоғары ашықтығы мен автоматтандырылуы талап етілетін басқа да салаларда тиімді қолданыла алатынын көрсетті.

Жарияланған баяндама осы кезеңнің нәтижелерін тіркейді және қолданыстағы сценарийлерді кеңейтуді, бағдарламаланатын ақша базасында жаңа сервистерді дамытуды және қаржы нарығының қатысушыларымен өзара іс-қимылды кеңейтуді қоса алғанда, цифрлық теңгенің экожүйесін одан әрі дамыту бағыттарын айқындайды.

 

БАҚ өкілдері толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы ала алады:

+7 (775) 84-66-814

Akmayev.D@npck.kz

 

Цифрлық теңге: қорытынды баяндама 2025

Опубликовано: 11 марта, 2026 в 6:13 пп

Категории: Аналитика

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстан Республикасында цифрлық валютаны енгізу бойынша «Цифрлық теңге: қорытынды баяндама 2025» қорытынды баяндаманың жарияланғанын хабарлайды.

Баяндаманы жүктеу

Бұл құжатта 2025 жылдың соңындағы жоба «Цифрлық теңге» бойынша жұмыстың нәтижелері, оның ішінде мемлекет қатысатын төлем сценарийлерін масштабтау нәтижелері, реттеу мен бизнес-процестердің тиісті дамуы, пилоттық жобалар арқылы алынған тәжірибе және ашық мәселелер ұсынылған.

Есепте сондай-ақ ЦT экожүйесінің одан әрі эволюциясының бағыттары және платформаның екі жылдық пилоттық өнеркәсіптік жұмысы барысында жасалған негізгі тұжырымдар көрсетілген.

2025 жылғы жұмыс мақсатты пилоттық жобалар мен шектеулі сценарийлерден орталықтандырылған төлемдердің ұлттық төлем инфрақұрылымына ЦТ толық интеграциялануына көшуге, мемлекет қатысатын төлемдерде ЦТ қолданылуын кеңейтуге және ЦТ  платформасының толық өнеркәсіптік жұмысын іске қосуға дайындауға бағытталған.

2025 жылы сондай-ақ ОБЦВ негізінде трансшекаралық төлемдер мәселелеріне және перспективалы бөлшек сценарийлерді дамытуға ерекше назар аударылды. Алынған нәтижелер Қазақстанның ұлттық цифрлық қаржылық инфрақұрылымының іргелі элементтерінің бірі ретінде ЦТ-ның үлкен әлеуетін көрсетеді.

Жүргізілген жұмыстар сондай-ақ ЦТ платформасының технологиялық және операциялық өміршеңдігін және оның өнеркәсіптік пайдалануға дайындығын растады. Бұдан басқа, 2025 жылы бағдарламалылық және смарт-келісімшарттарды іске асыру саласындағы ЦТ   жүйенің функционалдылығын одан әрі дамыту бағыттары айқындалды.

Қол жеткізілген нәтижелер Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде мемлекеттік шығыстардың барлық түрлеріне енгізу үшін ЦТ платформасын масштабтауға дайын екенін мәлімдеуге мүмкіндік береді: тиісті Жол картасы 2026 жылғы сәуірде ұсынылатын болады.

«ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асель Марченко «Құрмет» орденімен марапатталды

Опубликовано: 10 марта, 2026 в 4:39 пп

Категории: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Асель Марченко «Құрмет» ордені — мемлекеттік марапатымен марапатталды. Марапатты Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті.

«ҰТК» АҚ-да Асель Маратовна төлем инфрақұрылымының үздіксіз жұмыс істеуіне және төлем жүйелерінің қолжетімділігіне жауап береді. Оның басшылығымен қаржы операцияларының жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттыру, жаңа цифрлық технологияларды енгізу бойынша жобалар іске асырылуда, бұл азаматтар мен бизнес үшін тұрақты банкаралық өзара іс-қимылды және миллиондаған транзакцияларды күнделікті өңдеуді қамтамасыз етеді.

Қаржы инфрақұрылымының тәуелсіздігі және төлемдердің қауіпсіздігі Қазақстанның цифрлық егемендігі мен ұлттық экономиканың орнықтылығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

«ҰТК» АҚ командасы Асель Маратовнаға жоғары мемлекеттік наградасымен құттықтап, одан әрі табыстар мен жаңа кәсіби жетістіктер тілейді