Ескі сайтқа сілтеме

SWIFT Сервистік Бюро

Қаржылық мекемелер арасында мәліметтерді беру үшін халықаралық жүйе жасау мақсатында 1973 жылы Еуропа мен Солтүстік Американың 15 елінен 239 банк Society for Worldwide Interbank Financial Telecommunication – SWIFT (Халықаралық банкаралық қаржылық телекоммуникациялар бірлестігін) құрды.

Section image

Бүгінде SWIFT қаржылық телекоммуникация өрісінде дүние жүзі бойынша оперативтік қауіпсіз және сенімді қаржылық хабарларды беруді қамтамасыз ететін жетекші халықаралық мекеме болып саналады.

SWIFT әлем қаржылық бірлестігінің қуаттауына ие болды, ал оның ұсынған және іске асырған концепциясы, қаржылық ақпараттарды беру ережелері мен үлгілері іс жүзінде үлгі статусын алды. SWIFT жүйесі бойынша берілетін күн сайынғы хабарлар көлемі жалпы сомасы 5 триллион АҚШ долларын құрайтын 27,2 млн. хабардан асты.

Қазіргі уақытта 200 елдің 10800 артық ірі банктері мен қаржылық мекемелер SWIFT пайдаланушылары болып саналады, олардың арасында брокерлік фирмалар, құнды қағаздармен жұмыс істейтін компаниялар, биржалар, орталық депозитарийлер және басқалар бар.

 

SWIFT АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сенімділік

SWIFT хабарларды дәл, толық және уақтылы жеткізу жауапкершілігін өз мойнына алады. Мәліметтерді беру үшін желі берген басқа бірде-бір мекеме бұндай кепілдік бере алмайды.

Қауіпсіздік

Қауіпсіздік бойынша физикалық және логикалық шараларды қиыстырып қосу, сондай-ақ шифрлаудың әр түрін пайдалану хабарлардың SWIFT желісі бойнша берілуінде өзгеру мүмкіндіктерінің алдын алады. Оның мазмұнын жіберуші мен алушыдан басқа ешкім оқи алмайды.

Жылдамдық

Хабарларды жеткізу бірнеше секундта жасалады, әрі олардың тексерілуі мен нақтылығын растау толықтай автоматты түрде жүзеге асырылады. SWIFT желісіндегі жұмыс тәулік бойы мейрамсыз және демалыссыз хабарларды жеткізу нақтылы уақыт ретімен жүзеге асырылады.

Нәтижелілік

SWIFT стандарттары мен технологиясы хабарларды автоматты өңдеу үшін қолданбалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Соның арқасында өнімділік артады және хабарларды қолмен өңдеу шығындары азаяды.