Open Banking («Ашық банк қызметі») банктерге өз клиенттері келісім берген жағдайда ғана оладың деректерін үшінші тарапқа ашық болуын қамтамасыз етеді және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Тұтынушылардың құқығын қорғау және технологиялылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына мән бере отырып, қаржы секторының цифрлық трансформациясын жүйелі және кезең-кезеңмен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп Қазақстан Республикасында Open Banking & Open API дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі және бекітті.
Open Banking («Ашық банк қызметі») банктерге өз клиенттері келісім берген жағдайда ғана оладың деректерін үшінші тарапқа ашық болуын қамтамасыз етеді және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мәселен, банк қызметінде ашық API клиентке бірнеше шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кіріс пен шығысты талдауға және т.б. қызметтерге мүмкіндік береді.
Open Banking-ті енгізу Оpen API технологиясын қолдануға негізделген. Ол дерек алмасу хаттамасы ретінде халықаралық деңгейде танылған.
Тұжырымдаманы әзірлеу аясында ҚРҰБ, ҚНРДА және БҚДА реттеушілері екінші деңгейлі банктермен алдын ала талқылаулар жүргізді. Сондай-ақ ЕДБ арасында API технологиясын пайдаланудың ағымдағы мәртебесі нақтыланып, ашық банк қызметін енгізудің инфрақұрылымдық және реттеушілік негіздері бағаланды.
Қаржы секторында дәл осы цифрлық саланың дамуы жаңа қаржылық қызметтер мен өнімдердің, сондай-ақ ЕДБ мен Open API базасындағы төлем қызметтерінің басқа да жеткізушілері арасындағы серіктестік нәтижесінде жаңа бизнес-модельдердің пайда болуына ықпал етеді.
Тұжырымдамада сонымен қатар ашық бағдарламалау интерфейсін енгізу шеңбері аясында стратегиялық бастамалар мен даму бағыттары жоспарланған, атап айтқанда:
Тұжырымдаманы іске асырудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы
Жол картасын әзірлеудің жалпы қағидаты негізгі төрт бағытты жүзеге асыруға негізделген:
Осы бағыттар аясында 2023 жылы келесі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда: