Жаппай электрондық төлемдер жүйесі –ЖЭТЖ.
Қазақстан Республикасындағы төлем жүйелерінің бірі. 2011 жылдың аяғында Ұлттық банктің тапсырмасы бойынша клиенттің банкілік шотынан ең төменгі қаржы шығындарымен кепілді жедел төлемдерді жүргізу үшін әзірленген.
Жаппай электрондық төлемдер жүйесі –ЖЭТЖ.
Қазақстан Республикасындағы төлем жүйелерінің бірі. 2011 жылдың аяғында Ұлттық банктің тапсырмасы бойынша клиенттің банкілік шотынан ең төменгі қаржы шығындарымен кепілді жедел төлемдерді жүргізу үшін әзірленген.
Жүйе банк клиенттеріне шағын сомада жылдам, арзан, кепілді төлемдердің негізінде сонымен бірге, өзінің жоспарлы банкаралық есептерді тәуекелге салмай, әртүрлі сервистерді құру және ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Хабарлар, технологиялар, криптография, транспорт форматтары мен түрлері ҰТК-ның басқа төлем жүйелерімен сәйкестендірілген.
ЖЭТЖ Пайдаланушылары банктер және банктік емес қаржы институттары болып табылады.
Пайдаланушының міндетіне кез келген жарамды тәсілдермен өз клиенттерінен төлемдерді қабылдау, ЖЭТЖ төлемдерді жылдам беру барынша мүмкін болатын Пайдаланушы және оның клиенттері арасында келісілген кез келген қол жетімді құралдармен өз клиенттеріне ақшаның түсуі туралы хабарлау кіреді.
ЖЭТЖ операциялық күнінің аяғында Пайдаланушы ЖЭТЖ қалыптасқан өзінің таза позициясының есебі үшін БААЖ есебіндегі қаражаттың болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, Пайдаланушы клиенттері үшін төлемдер нақты уақыт тәртібіне жақын тәртіпте жүзеге асырылады, ал Пайдаланушы үшін күніне бір рет көп жақты клиринг позициясының есебін қамтамасыз етеді.
Жаппай электрондық төлемдер жүйесінде өңделетін бір төлем құжатының ең көп сомасы 500 000(бес жүз мың) теңгені құрайды.
Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның дебеттік таза позициясының ең көп рұқсат етілген мәні 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге.
ЖЭТЖ негізгі ерекшеліктері
Төлемдер есебінің кепілі қамтамасыз етіледі: