Ескі сайтқа сілтеме

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы

 

«ҰТК» АҚ қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізу болып табылады, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми-зерттеу сараптамасын құру және дамыту, Ұлттық Банк және оның еншілес ұйымдары үшін қаржы және төлем технологиялары саласындағы пилоттық жобаларды прототиптеу және іске асыру, оның ішінде жетекші халықаралық зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта болу.

 

 

 

«ҰТК» АҚ қызметінің түрлері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізу;
  • ұлттық төлем жүйесін орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
  • төлем жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу;
  • деректерді берудің ақпараттық-телекоммуникациялық арналары арқылы қорғалған ақпарат алмасу, хабарламаларды кепілдікпен жеткізу және өңдеу қызметтерін ұсыну;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау
  • «ҰТК» АҚ пайдаланушыларына ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізу, оларды пайдалану және сақтау;
  • криптографиялық кілттерді пайдалануға, таратуға және түпнұсқалығын куәландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру;
  • бөлшек төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  • Ұлттық Банк, оның еншілес ұйымдары және өзге де ұйымдар үшін қаржы және төлем технологиялары саласында ғылыми-зерттеу және консультациялық қызметтер көрсету;
  • «ҰТК» АҚ қызметінің мәні шеңберінде орта мерзімді және қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын, семинарларды, конференцияларды, көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Ұлттық Банк, оның еншілес ұйымдары және өзге де ұйымдар үшін қаржы және төлем технологиялары саласындағы ақпараттық жүйелер мен деректер базасын сүйемелдеп ақпараттық-әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
  • «ҰТК» АҚ қызметінің мәні шеңберінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды, мерзімді жарияланымдарды басып шығару және тарату;анализ и обработка данных;
  • биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, клиенттерді сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының қызметтері көрсету.