Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО)

Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) – клиенттерді сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді көздерден клиенттердің деректерімен алмасу бойынша банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық орталығы.

СДАО клиенттің қаржылық қызметтерін қашықтықтан алу мақсатында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысы) әзірленді және Қазақстанда 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. 2023 жылы Қазақстан Республикасында Open API және Open Banking дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде СДАО жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді.

СДАО-ның негізгі мақсаты — қашықтықтан форматта қызмет көрсету кезінде қаржы нарығына және өзге де ұйымдарға қатысушылардың клиенттерді тиісінше тексеруі жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жәрдемдесу және осы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

СДАО-ға негізделетін негізгі қағидаттар:

  • адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • клиенттің дербес деректерін ұсыну процесінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтау;
  • қолжетімділігі шектеулі дербес деректердің құпиялылығы;
  • сұрау салуларды өңдеу басымдықтарының болмауы;
  • нақты уақыт режимінде сұрау салуларды қабылдау және өңдеу.

Бүгінде СДАО өз қызметтерін кеңейтуге және қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, қолжетімді және ыңғайлы өнімдерді жасауға көмектесетін кешенді цифрлық шешімдерді ұсынады.

СДАО ұсынылатын сервистері:

  1. Бет фотосуреттерін салыстыру сервисі;
  2. Екі факторлы тұлғаны аутентификациялау сервисі: FinID;
  3. Бұлтты ЭЦҚ басқару сервисі: E-sign.

СДАО сервистеріне қосу «Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы» жүйесінің жұмыс істеуінің ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. СДАО модулімен өзара әрекеттесуге арналған жадынама
  2. СДАО АЖ-да жүргізілген жұмыстар туралы ай сайынғы есеп үлгісі
  3. Бөлінген байланыс арналарын қосуға (IP VPN) арналған хат үлгісі
  4. Бөлінген байланыс арналарын қосуға (IPSEC) арналған хат үлгісі