Фотосуреттерді салыстыру сервисі

Фотосуретті салыстыру сервисі

Фотосуретті салыстыру сервисі клиенттің фотосуретін мемлекеттік дерекқорларда сақталған эталондық фотосуретпен салыстырып, олардың сәйкестік деңгейін анықтайды.

Аталған сервис қатысушы жүзеге асыратын клиенттің жеке басын тексеру және аутентификациялау рәсімдерінің кезеңдерінің бірі болып табылады. Осы рәсімдердің нәтижелері бойынша, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар орнату және оған қызмет көрсету туралы шешімді қатысушы дербес қабылдайды.

Бір сұрау шеңберінде сервис келесі әрекеттерді орындайды:

  • клиенттің қатысушыдан алынған фотосуретін мемлекеттік дерекқорларда сақталған эталондық фотосуретпен салыстырады;
  • қатысушы алған келісімдер негізінде дербес деректерді өңдейді;
  • салыстыру нәтижелері бойынша клиенттің дербес деректерін қатысушыға ұсынады.

Техникалық ерекшелік

Фотосуретті салыстыру сервисіне қосылуға және оны пайдалануға қажетті ақпарат «Жұмысты бастау» бөліміндегі техникалық ерекшелікте ұсынылған.

Қосылу бойынша қысқаша нұсқаулық

Фотосуретті салыстыру сервисіне қосылудың ерекшеліктері:

  1. Қатысушылар Порталда (cabinet.npck.kz) өз қосымшасын тіркеп, қосылуға арналған тиісті қызметті таңдау арқылы сервиске қосылады.
  2. Ақпарат алмасу кезінде тараптарды авторизациялау әрбір қатысушының қосымшасы үшін қалыптастырылатын есептік деректерді (Client ID / Client Secret) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
  3. Есептік деректер Порталда тіркелген әрбір қатысушының қосымшасы үшін бірегей болып табылады.
  4. Қосымша тіркеліп, Фотосуретті салыстыру сервисіне қосылған сәттен бастап қатысушы сервисті пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
  5. Қатысушының сервиске қосылғаны туралы ақпарат Порталдағы қосымша туралы мәліметтер бетінде көрсетіледі.
  6. Фотосуретті салыстыру сервисін пайдалану үшін қатысушы операторға сұрау жібереді.
  7. Сервис өңдеген сұраулардың есебі қатысушының қосымшасы тиісті сервиске қосылған сәттен бастап жүргізіледі.

Фотосуреттерді салыстыру кезінде пайдаланылатын құжаттар

Салыстыру кезінде келесі құжаттардағы фотосуреттер пайдаланылады:

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
  • Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
  • Азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасы үлгісі).

Сервиске қол жеткізу

Сервис Интернет желісі арқылы, сондай-ақ IP VPN немесе IPsec технологияларын пайдалана отырып бөлінген байланыс арнасы арқылы қолжетімді.

Толтырылған хаттың сканерленген нұсқасын «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ кеңсесінің электрондық поштасына келесі мекенжай бойынша жолдау қажет: info@npck.kz.

ГОСТ 2015 сертификаттарын шығару үшін «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Куәландырушы орталығының техникалық қолдау қызметіне жүгіну қажет.

«Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Куәландырушы орталығының техникалық қолдау қызметінің байланыс деректері

Электрондық пошта: supportca@npck.kz

Телефон: +7 (727) 297-91-00