Антифрод-орталық

Антифрод орталығы — алаяқтық белгілері бар төлем операциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттер туралы деректерді шоғырландыруды, сақтауды және бөлісуді қамтамасыз ететін жүйе.

Антифрод орталығының қатысушылары

  • Қаржы ұйымдары;
  • Төлем ұйымдары;
  • Ұялы байланыс операторлары;
  • Қылмыстық қудалау органдары;
  • Ұлттық қауіпсіздік органдары;
  • Құқық  қорғау органдары;
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
  • Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

Антифрод орталығының мақсаттары

Қаржы нарығына қатысушылар, қылмыстық қудалау органдары және ұялы байланыс операторлары арасында алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларының алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі процестерді ұйымдастыруға және іске асыруға бағытталған деректермен жедел алмасу.

Антифрод орталығының функциялары

1) 24\7 режимінде алаяқтық белгілерімен қаржы нарығына қатысушылар мен транзакциялар бойынша қылмыстық қудалау органдары арасында деректер алмасуды қамтамасыз ету;

2) Антифрод орталығының жүйесін мониторингілеу және техникалық сүйемелдеу:

  • орнату, баптау, серверлік БҚ жаңарту;
  • жүйені толық сүйемелдеу және жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ету;
  • резервтік көшірмелерді (немесе автоматты бэкапты) жасау;
  • қажет болған жағдайда олардан деректерді қалпына келтіру;
  • пайдаланушыларды техникалық қолдау;
  • БҚ және инфрақұрылымның жұмыс істеуін дамыту және оңтайландыру;
  • «Ұлттық төлем корпорациясы»АҚ Ішкі регламенттеуші құжаттарына сәйкес өзге де функцияларды қамтиды

Антифрод орталығының артықшылықтары

  • алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде қаржы нарығына қатысушылар мен қылмыстық қудалау органдарының өзара іс-қимылы үшін бірыңғай интерфейс;
  • қаржы нарығына қатысушылар мен қылмыстық қудалау органдары арасында алаяқтық белгілері бар транзакциялар туралы жедел деректер алмасу;
  • алаяқтық түрлері, алаяқтық типологиясы, қатысушылар және оқиғаларды қарау мәртебесі бойынша аналитикалық және статикалық есеп беру;
  • алаяқтық белгілері бар төлем операциялары бойынша оқиғалар мен әрекеттер туралы деректерді шоғырландыру, сақтау.

Заңнамалық нормалар

Антифрод-орталықтың жұмыс істеуі заңнамамен және ҚР ҰБ заңға тәуелді актілерімен регламенттелген, онда қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі, олардың функциялары мен міндеттері, сондай-ақ құзыретіне сәйкес міндеттерді орындау мерзімдері егжей-тегжейлі сипатталған:

  • Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заң (25-1-бап) https://adilet.zan.kzus/docs/Z1600000011;
  • Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағыы №54 Қаулысы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2500036742;
  • Екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы №188 қаулысы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019632.

Антифрод орталығы жүйесіне қосылу:

1. Антифрод-орталық жүйесіне қол жеткізу:

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамының Алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Антифрод-орталық) жұмыс істеу ережесіне сәйкес танысу үшін Support.anti-fraud@npck.kz пошта арқылы сұрау салу қажет;

Түпнұсқаларды толтыру және Алматы қ.,  Көктем-3 ш/а, 21 үй ,1-кіреберіс мекенжай бойынша «ҚРҰБ ҰТК» АҚ кеңсесіне (Сәтбаев көшесіне жақын кіреберіс, «ҰТК» АҚ үшін турникеттің сол жағындағы жәшікке салу) мынадай құжаттарды:

  • 2 данада толтырылған қол қойылған Қызмет көрсету туралы Шартқа 1-қосымшаны (даналардың бірі Сізге пошта арқылы қайтарылады немесе кеңседен алуға болады);
  • Қызмет көрсету туралы шартқа 1-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсыну қажет.

Бұдан әрі қол жеткізу/белсенділігін жою үшін Өтініш үлгісін пайдалану (Қызметтер көрсету туралы шартқа 2-қосымша) қатысушының қызметкерлеріне рұқсат беру/белсенділігін жою туралы өтініштің сканерленген көшірмесін Support.anti-fraud@npck.kz поштасына және/немесе техникалық есептік жазба үшін жіберу.

2. Туннельді орнатыңыз:

Арналардың бірін таңдап, арнаға байланысты тиісті өтінішті (үлгіні) толтырыңыз:

  • IPSec — Support.anti-fraud@npck.kz мекенжайына «shablon-ipsec-rus» үлгісі. IPSec арқылы «Антифрод-орталық» қызметіне қосылуға байланысты туннельді теңшеу үшін кілттерді шығару қажет, ол үшін КО үшін 1-қосымшаны толтырыңыз және Куәландырушы орталығына Supportca@npck.kz поштасына жіберіңіз;
  • VPN«shablon-dlya-podcluc-kanala-IP-vpn-kaz» шаблонын толтырып Support.anti-fraud@npck.kz  мекен жайыны жолдау.