Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы

Корпорацияның негізгі мақсаты — банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізу, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаржы және төлем технологиялары саласында ғылыми-зерттеу сараптамасын құру мен дамыту, прототиптеу және пилоттық жобаларды іске асыру.

Біздің қызметтер

Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы ел аумағында қауіпсіз әрі тиімді төлемдер үшін озық әрі қолжетімді цифрлық қаржылық инфрақұрылым құруды көздейді. Біз Қазақстанның әрбір азаматы ыңғайлы әрі сенімді қаржылық қызметтерді пайдалана алуы үшін инновацияларға, халықаралық серіктестермен ынтымақтастыққа және қаржылық инклюзияны қолдауға басымдық береміз.
Жанар Самаева
Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма төрайымы

Статистика

231,312,323
Банкаралық ақша аудару жүйесінің транзакциялары
34,224,256
Банкаралық төлем карточкалары жүйесі бойынша операциялар
6:1
Банкоматтардан қолма-қол ақша алу көлемінің қолма-қол ақшасыз төлемдер көлеміне қатынасы