Банкаралық төлем карточкалары жүйесі

Банкаралық төлем карточкалары жүйесі (БТКЖ) Қазақстан аумағында төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын банкаралық операцияларды өңдеуге арналған.

БТКЖ төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және қазақстандық банктердің ішкі есеп айырысуларына кепілдік береді.

Жүйе Visa, Mastercard және UnionPay халықаралық төлем жүйелерімен (бұдан әрі — ХТЖ) және төлем карточкалары нарығына қатысушы банктермен тығыз ынтымақтастықта әзірленді.

БТКЖ құру шеңберінде жергілікті карталық инфрақұрылым салынып, тиісті нормативтік база қалыптастырылды. Сондай-ақ ХТЖ қазақстандық банктер шығарған төлем карталарын пайдалана отырып, жергілікті транзакцияларды өңдеуді ұйымдастыру туралы келісімдер жасалды.

Қазіргі уақытта БТКЖ -не төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау бойынша қызмет көрсететін банктер қосылған. Жергілікті банктік карточкалық транзакциялар трафигін аудару, оның ішінде банктік жүйелерді бейімдеу және халықаралық төлем жүйелерімен өзара әрекеттесу процестерін қайта конфигурациялау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.