Ескі сайтқа сілтеме

ЖТЖ 2.0

 

Жедел  төлемдер жүйесі 2022 жылғы 8 маусымнан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген барлық заманауи талаптарға жауап беретін жаңа платформада құрылған Жедел төлемдер жүйесі 2.0 (бұдан әрі – ЖТЖ2.0) ауыстырылды.

Section image

ЖТЖ 2.0 туралы ақпарат

ҚР ҰБ ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОРТАЛЫҒЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Жаңартылған жедел төлем жүйесін іске қосу туралы

 

20 маусым 2022 жыл

 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы»  акционерлік қоғамы «Жедел төлемдер жүйесі» төлем жүйесін жаңғырту туралы хабарлайды.

Жедел  төлемдер жүйесі 2022 жылғы 8 маусымнан бастап өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген барлық заманауи талаптарға жауап беретін жаңа платформада құрылған Жедел төлемдер жүйесі 2.0 (бұдан әрі – ЖТЖ2.0) ауыстырылды.

ЖТЖ2.0 жедел төлемдер жүйесінің барлық негізгі ерекшеліктерін сақтап қалды және жаңа функционалмен кеңейтілді:

– бірыңғай жеңілдетілген сәйкестендіргішті-ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып, әртүрлі екінші деңгейдегі банктердің клиенттері арасында жедел төлемдер мен ақша аударымдарын жүргізу;

-шағын және орта бизнестің барлық субъектілері үшін бірыңғай QR-кодтарды пайдалану мүмкіндігі;

– жүйе заманауи технологиялар мен ISO 20022 стандарттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Жедел төлемдердің әмбебап жүйесінің механизмі Қазақстанның қаржы секторын цифрландыру жолындағы тағы бір қадам болып табылады.

Жедел  төлемдер жүйесіне қосылуға мүдделі болған жағдайда қаржы нарығына қатысушылар техникалық және байланыс мәселелері үшін мына телефондар арқылы жүгіне алады: 8 (727) 250 66 36, 8 (727) 297 91 35.