Ескі сайтқа сілтеме

Жабдықтар мен телекоммуникациялар

Section image

Жабдықтар мен телекоммуникациялар

Ақпараттық желісі:

Пайдаланушылар ҰТК ұсынатын бизнес қосымшаларының қызметтерін (төлем жүйесі ТЖ, SWIFT, АТҚАЖ, жаппай электрондық төлем жүйесі –ЖЭТЖ, Авангард Plat халықтың бөлшек төлем жүйесі, куәландырушы орталық -КО), пайдаланушылар пайдалану үшін бүгінгі таңдағы желісін және коммуникациялық жабдықты қолдана отырып, кіру мүмкіндігін ала алады. Атап айтқанда, ҰТК барлық сервистеріне қосылу мүмкіндігін MPLS IP VPN, Internet технологиясын, сондай-ақ, ТЖ және КО арналған қосымша Dial-Up (коммутирленген қатынау) пайдалана отырып ұсынады. ҰТК клиенттерді қосу үшін телекоммуникация қызметтерінің келесі провайдерлерінің болу нүктесі бар: «Казахтелеком» АҚ, «Казтелепорт» АҚ және «ASTEL» АҚ. Модульдік құрылыс пен пайдаланылатын модульдердің кең диапазоны желінің даму талаптарына сәйкес желісін және коммуникациялық жабдықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды.

ҰТК негізгі және резервтік орталықтардың өзара әрекет етуі аса жоғары өткізу мүмкіндігі бар оптикалық-талшықты байланыстарды пайдаланыла отырып, біріктіру және автоматты резервтеу технологиясын қолдану арқылы ұйымдастырылған.

Серверлік платформа:

Негізгі және резерв орталықтарының бағдарламалық-техникалық кешені жоғары өнімді HP Superdome серверлерінің аппараттық платформасында негізделеді және ұқсас конфигурациялауға ие. Кешен сәулетінің кластерлік технологиясы мен сенімді жұмыстың қамтамасыз етілуіне арналған тоқтауға берік және резервтеу механизмдерінен тұратын бүгінгі заманғы құрал-жабдықтары бар. Кешенге әртүрлі тәуекелді және тығырықты жағдайдарды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мониторингтік құрал-жабдықтар кіреді. Орталықтар арасында шығатын деректер нақты уақыт ережесінде бағытталады, бұл жаңылысулар кезінде жоғалулардың төмен болуын қамтамасыз етеді

Деректерді сақтау:

Деректерді ұзақ мерзімде сақтау үшін деректерді мұрағаттаудың бейімді стратегиялары мен келбеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, процесстер мен қателердің тексерілуі толықтай автоматтандырылған таспалы кітапханалар қолданылады. Кітапханалардың өткізу мүмкіндіктері 4 Tb/h -ке дейінгі деректермен алмасуға арналған әртүрлі интерфейстері бар.

«ҚР ҰБ ҰТК» АҚ төлем және ақпараттық жүйелердің пайдаланушыларына (бұдан әрі-Пайдаланушы) ҰТК төлем және ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, қаржы ақпаратын, есептілікті және т.б. қабылдау-өткізуге арналған байланыс каналдарының келесі түрінің мүмкіндіктерін ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясының (бұдан әрі — «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ) бір орталығына жаңа байланыс арнасын ұйымдастыру клиенттің сұратуы бойынша ғана жүзеге асырылады.
  2. Клиент «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ өз провайдерімен бірлесіп, төлем және ақпараттық жүйелерге қосылудың техникалық мүмкіндіктерін анықтайды.
  3. Провайдерлердің байланыс кәбілдерін пайдаланумен байланыс арналарын ұйымдастыру жұмыстарды орындау алдында пайдаланушының “ҚР ҰБ ҰТК” АҚ-мен міндетті түрде келісуіне жатады.
  4. Жұмыстарды жүргізуді келісу үшін «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ байланыс телефоны: 250-66-70.
  5. «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ-да мынадай провайдерлермен ұйымдастырылған байланыс арналары бар: «Қазақтелеком» АҚ, «Казтелепорт» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС және «ASTEL» АҚ, олар ҰТКнегізгі және резервтік орталықтарында орналасқан.
  6. Байланыс каналын ұйымдастыру үшін Пайдаланушы «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ Бас директорының атына байланыс провайдері және қосу технологиясын көрсете отырып, «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ төлем және ақпараттық жүйелеріне қосылу туралы жазбаша жүгінеді.
  7. Пайдаланушының хаты негізінде «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ төлем жүйелеріне, АТҚАЖ ақпараттық жүйесіне, куәландырушы орталыққа, SWIFT және ТКБЖ жүйелеріне қосылу үшін IP мекен-жайларын бөледі және EBGP хаттамасы арқылы жүйелерге қол жеткізу үшін динамикалық бағыттауды баптайды. ҰТК куәландырушы орталығының сертификаттарын қолдана отырып, SWIFT және ТКБЖ жүйелері үшін IPSec VPN site-to-Site туннелін ұйымдастыруға арналған криптография қондырғы.
  8. «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ IP-мекен-жайы пулын алу үшін байланыс телефоны: 250-66-47, 250-66-06.