Төлем карточкаларының банкаралық жүйесі (ТКБЖ) Қазақстан аумағында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.
ТКБЖ төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін, қазақстандық банктер үшін ішкі есеп айырысу кепілдігін қамтамасыз етеді.

Жүйені әзірлеу Visa, Mastercard және UnionPay халықаралық төлем жүйелерімен (бұдан әрі – ХТЖ) және төлем карточкалары нарығына қатысушы банктермен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылды.
ТКБЖ құру шеңберінде жергілікті карточкалық инфрақұрылым салынды, тиісті нормативтік құқықтық база қалыптастырылды. Сондай-ақ, ХТЖ-мен қазақстандық банктер шығарған төлем карточкалары бойынша жергілікті операцияларды өңдеуді ұйымдастыру бойынша келісімдер жасалды.
Қазіргі таңда ТКБЖ төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау бойынша қызмет көрсететін банктер қосылды. Банктердің жергілікті карточкалық транзакцияларының трафигін аудару, оның ішінде банктер жүйелерін бейімдеу және халықаралық төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл процестерін қайта құру бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді.