Ескі сайтқа сілтеме

СДАО

 

Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) – сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді көздерден клиенттердің деректерімен алмасу бойынша банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін операциялық орталық.

Section image

Сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) – сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді көздерден клиенттердің деректерімен алмасу бойынша банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін операциялық орталық.

 

Негізгі мақсаты

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдары мен қаржы ұйымдарының қатысуымен ҰТК жүргізетін қашықтан сәйкестендіру тетігінің жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 Қаулысы) іс-шараларын іске асыру шеңберінде орындалады.

 

Жоба моделі биометриялық көрсеткіштерді және мемлекеттік деректер қорының мәліметтерін пайдалана отырып, клиенттерді қашықтан сәйкестендіруді көздейді. Цифрлық сәйкестендіру тетігін енгізу қаржы институттары мен олардың клиенттері арасындағы өзара іс-қимыл үшін әмбебап цифрлық орта құру үшін негіз қалаушы инфрақұрылым болады.

 

Клиенттерді қашықтан сәйкестендіру тетігі биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, ҰТК базасында СДАО арқылы «ҚР ҰБ ҰТК» АҚ-ның 2024 жылғы 05 мамырдағы № 9П бұйрығымен бекітілген «Сәйкестендірілген деректерді алмасу орталығы» жүйесінің жұмыс істеу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

 

Жоба мынадай жұмыстарды орындауға бағытталған компоненттерді қамтитын болады:

 

  • белгілі бір тізіммен бет суретін салыстыру;
  • жоғары сапалы бет суреттерін іріктеу;
  • бағдарламалық кешен компоненттерінің арасындағы өзара әрекеттесу;
  • әрбір тану оқиғасы туралы ақпаратты қамтитын деректерді сақтау.

СДАО туралы не білу керек:

 

  • СДАО жобасы қаржы ұйымдарының барлық клиенттеріне (жаңа және ескі) бағытталған.
  • Клиент қаржы ұйымдарымен олардың АТ-шешімдері (веб/мобильді) арқылы өзара қарым-қатынас жасайды. Банк бейне сұхбат жүргізіп, үздік ракурс пен клиенттің ЖСН фотобейнесін алатын болады.
  • СДАО фотобақылаудың биометриялық көрсеткіштері бойынша сәйкестік дәрежесін анықтайды.
  • Қаржы ұйымдары «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан (ЖТ МДҚ) алынған деректердің және фотобейнелердің сәйкестілік нәтижелері негізінде клиентпен іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша шешімді дербес қабылдайды.

СДАО жоспарлары:

 

  • Қашықтағы сәйкестендіру жобасы платформалық шешімде құрылады.
  • Ұсынылған механизм модульдердің бірі болып табылады.
  • Болашақта қосымша сәйкестендіру модульдері енгізілетін функционалды кеңейту (дауыс бойынша, саусақ ізімен, көз торымен және басқалар).