Ескі сайтқа сілтеме

Алаяқтыққа қарсы орталық

 

Жоспарланған пилоттық жоба шеңберінде 3 бағыт бойынша деректер алмасуды жүзеге асыру болжанып отыр:

  • Жасалған транзакциялар бойынша;
  • Алаяқтық жасау әрекеттері туралы ақпарат;
  • Транзакциялық емес деректер (паттерналар).
Section image

Цифрлық сервистердің белсенді дамуына және есеп айырысуды жүзеге асырудың қолма-қол ақшасыз тәсілдеріне жаппай көшуге байланысты алаяқтық операциялардың өсуі және сезімтал ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу байқалады. Мұндай әрекеттер үшін әлеуметтік инженерия әдістері («таныстардан» ақша алу туралы хабарламалар, «банктің қауіпсіздік қызметінен» қоңыраулар және т.б.) жиі қолданылады, ол кезде адам күдіктенбей, қаскүнемдерге банктік, жеке және құпия деректер береді.

Алаяқтық операцияларды жүргiзудi анықтау және жолын кесу мақсатында қаржы ұйымдары әртүрлi алдын алу шараларын қолданады. Алайда, қаржы ұйымдарының іс-әрекеттері оларға Интернет пен телефон алаяқтығымен тиімді күресуге, халықаралық алаяқтық қылмыстық топтарға қарсы тұруға және әлеуметтік инженерияның алдын алуға мүмкіндік бермейді.

Корпорация базасында Антифрод орталығын (бұдан әрі – «Орталық») құру алаяқтық белгілері бар төлемдер мен ақша аударымдары бойынша деректерді жинауды және өңдеуді көздейді; кейіннен қаржы нарығы субъектілеріне беру үшін бірыңғай API форматында «қара» тізімдерді шоғырландыруды; қаржы нарығындағы алаяқтық оқиғалары туралы ақпарат жинау, сақтау және алмасу және алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары туралы ақпаратты ішкі істер органдарына беру көзделеді.

Жоспарланған пилоттық жоба шеңберінде 3 бағыт бойынша деректер алмасуды жүзеге асыру болжанып отыр:

  • Жасалған транзакциялар бойынша;
  • Алаяқтық жасау әрекеттері туралы ақпарат;
  • Транзакциялық емес деректер (паттерналар).

Сондай-ақ, пилотта Орталықтың қатысушыларынан алынатын мәліметтер негізінде «сұр» тізімді қалыптастыру мүмкіндігі іске асырылады. Тізімнен алып тастауды Орталық ақпаратты кейіннен жаңарта отырып, тізімге енгізу туралы бастапқы сұрау салуды жіберген банктің сұрау салуы бойынша да жүзеге асыратын болады.