Ұлттық төлем корпорациясы 2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске асыру қорытындысын шығарды

Ұлттық банктің QBR іс-шарасында Ұлттық төлем корпорациясының басқарма төрағасы Жанар Самаева 2025 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын (ҰЦҚИ) енгізу және дамыту жөніндегі негізгі қорытындыларды көрсетті.

ҰЦҚИ барлық цифрлық төлем шешімдерінің ауқымын қамтиды және банктер арасындағы өзара әрекеттесу құралдарын, цифрлық сенім инфрақұрылымын, деректер алмасу жүйелерін және алаяқтықтың алдын алу механизмдерін біріктіреді.

2025 жылдың I тоқсанының негізгі жетістіктері:

• ҰЦҚИ инфрақұрылымы арқылы елдің төлем айналымының 90%-ға дейінгі бөлігі өтеді.
• Орташа тәуліктік транзакциялар көлемі 5,7 трлн теңгені құрады.
• Ай сайын шамамен 3 млн биометриялық сәйкестендіру тіркелді.
• 2 млрд теңгеден астам сомаға алаяқтық транзакциялар бұғатталды.

Open API және P2P-аударымдар

2025 жылдың наурыз айынан бастап телефон нөмірі арқылы P2P-қызметі өнеркәсіптік пайдалану кезеңі іске қосылды. Әр түрлі банктердің клиенттері арасындағы тесттік аударымдар 3 банкте қолжетімді. Жыл соңына дейін барлық цифрлық екінші деңгейлі банктерді кезең-кезеңімен қосу жоспарлануда.

Антифрод-орталық

ҰТК деректері негізінде құрылған Антифрод платформасы 169 қатысушымен серіктес. Тоқсан ішінде 36 000-нан астам алаяқтық инцидент тіркеліп, 2 млрд теңгеден астам сома бұғатталды, 141,3 млн теңге клиенттерге өз еркімен қайтарылды.

Жасанды интеллект инциденттерді талдау үшін қолданылады: ең көп тарағаны – жалған қоңыраулар, жалған инвестициялық схемалар және фишингтік сайттар. AI-модельдін іске қосуы 2025 жылдың II тоқсанында жоспарлануда.

Цифрлық теңге

Цифрлық теңге мемлекеттік қаржыны мақсатты пайдалануын бақылау құралы ретінде енгізілуде. I тоқсанда екі негізгі механизм іске асырылды – маркировка және қаражатты холдтеу. Оборотқа 250 млрд теңгеден астам цифрлық теңге шығарылды.

Пилоттық сценарийлерде инвестициялық субсидияларды қайтару, мақсатты кредит беру, ҚҚС басқару, мемлекеттік сатып алулар бойынша және Ұлттық қордан аударымдардағы қаражатты маркировкалау механизмдері жұмыс істейді.

Бірыңғай QR-код

Бірыңғай QR-коды бар төлем жүйесі әзірленіп, енгізуге дайын. Банктермен келіссөздер жүргізілуде, пилоттық іске қосу 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.