Ескі сайтқа сілтеме

ЖЭТЖ

 

Жаппай электрондық төлемдер жүйесі –ЖЭТЖ.

Қазақстан Республикасындағы төлем жүйелерінің бірі. 2011 жылдың аяғында Ұлттық банктің тапсырмасы бойынша клиенттің банкілік шотынан ең төменгі қаржы шығындарымен кепілді жедел төлемдерді жүргізу үшін әзірленген.

Section image

Жаппай электрондық төлемдер жүйесі –ЖЭТЖ.

Қазақстан Республикасындағы төлем жүйелерінің бірі. 2011 жылдың аяғында Ұлттық банктің тапсырмасы бойынша клиенттің банкілік шотынан ең төменгі қаржы шығындарымен кепілді жедел төлемдерді жүргізу үшін әзірленген.

Жүйе банк клиенттеріне шағын сомада жылдам, арзан, кепілді төлемдердің негізінде сонымен бірге, өзінің жоспарлы банкаралық есептерді тәуекелге салмай, әртүрлі сервистерді құру және ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Хабарлар, технологиялар, криптография, транспорт форматтары мен түрлері ҰТК-ның басқа төлем жүйелерімен сәйкестендірілген.

ЖЭТЖ Пайдаланушылары банктер және банктік емес қаржы институттары болып табылады.

Пайдаланушының міндетіне кез келген жарамды тәсілдермен өз клиенттерінен төлемдерді қабылдау, ЖЭТЖ төлемдерді жылдам беру барынша мүмкін болатын Пайдаланушы және оның клиенттері арасында келісілген кез келген қол жетімді құралдармен өз клиенттеріне ақшаның түсуі туралы хабарлау кіреді.

ЖЭТЖ операциялық күнінің аяғында Пайдаланушы ЖЭТЖ қалыптасқан өзінің таза позициясының есебі үшін БААЖ есебіндегі қаражаттың болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, Пайдаланушы клиенттері үшін төлемдер нақты уақыт тәртібіне жақын тәртіпте жүзеге асырылады, ал Пайдаланушы үшін күніне бір рет көп жақты клиринг позициясының есебін қамтамасыз етеді.

Жаппай электрондық төлемдер жүйесінде өңделетін бір төлем құжатының ең көп сомасы 500 000(бес жүз мың) теңгені құрайды.

Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның дебеттік таза позициясының ең көп рұқсат етілген мәні 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге.

 

ЖЭТЖ негізгі ерекшеліктері

  • Төлемдерді нақты уақыт тәртібінде өңдеу
  • Төлемдерді өңдеуге сәтті қабылданған есептің кепілі
  • 24х7х365 тәртібіндегі жүйелердің жұмысы
  • Клиенттің аударымдары (МТ100 хабар), және жиынтық төлемдер (МТ102 хабар) қабылданады
  • Төлемнің ең жоғарғы сомасына шектеу белгіленді
  • Банктің ең жоғарғы дебеттік позициясына шектеу белгіленді
  • Таза позицияның есебі Астана уақыты бойынша күніне бір рет 18:30 –да жүргізіледі

Төлемдер есебінің кепілі қамтамасыз етіледі:

  • Төлемнің ең жоғарғы сомасы бойынша шектеудің бар болуы
  • Банктің таза дебеттік позициясын шектеудің бар болуы
  • Қажеттілік жағдайда ҚР Ұлттық Банкінің овердрафт кредитін ұсынуы