Ескі сайтқа сілтеме

“Sunqar” Жүйесі

Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары
07.02.2019

2019 жылы 7 ақпанда Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы мен Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен мобильді телефон нөмірі бойынша «Sunqar» жедел төлемдер жүйесі жұмыс істей бастады.
«Sunqar» жүйесі жүйеге қатысатын түрлі банктердің клиенттері арасында Қазақстан бойынша жедел төлемдер мен ақша аударымдарын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке тұлғалар арасында ақша аудару үшін ұялы телефонның қарапайым және қолайлы идентификаторы – нөмір пайдаланылады, ол кез-келген төлем көзі, ағымдағы банк шоты, электронды әмиянға байланысты болуы керек.
«Sunqar» жүйесіндегі қызметтерді қазақстандық банктер мобильді қосымшалар немесе интернет-банкинг жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жедел қызмет көрсету арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Алтын банк» АҚ (CITIC Bank Corporation Limited – SB) және «Еуразиялық банк» АҚ қызметтері ұсынылады.

2019 жыл ішінде 10-нан астам екінші деңгейлі банк жүйеге қосылуды жоспарлап отыр. Жаңа қызмет мобильді қосымшаларда және ішкі жоспарға сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінің пысықталуына қарай осы банктердің қашықтан қызмет көрсету жүйелеріне қосылады.
Клиенттерге жедел төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтік саясатты банктер дербес анықтайды.

Бірінші кезеңде «Sunqar» жүйесінде жеке тұлғалар арасында, оның ішінде әр түрлі қатысушы банктердегі өз шоттары бойынша (салымдар, брокердің инвест-шоттарын толтыру және басқалар), ақша аударуға болады (P2P-аударымдар).
Жүйе қызметтері дамып келе жатқанмен банктер арқылы заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер арнайы құрал-жабдық орнатпастан, жеке тұлғалардың пайдасына жедел төлемдерді жүзеге асырмастан тауарлар мен қызметтерге жедел төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ете алады.

Атап айтқанда, «Sunqar» жүйесі арқылы QR кодтарын сканерлеу арқылы бөлшек саудада ұялы телефонмен төлеуге болады.
Қазақстанда жедел төлем жүйесін енгізу халықты және кәсіпкерлік субъектілерін қолжетімді төлем құралдарымен және қашықтағы арналар арқылы кез келген жерде, кез-келген кезде төлем жасау үшін әмбебап платформамен қамтамасыз етуге бағытталған.