Ескі сайтқа сілтеме

Тарифтер

Банкаралық ақша аудару жүйесіне, банкаралық клирингке, жаппай электрондық төлемдер жүйесіне және банктік хабарлар алмасу жүйесіне қатысқаны үшін көрсетілетін қызметтерге:

  1. күнтізбелік бір күн ішінде бір банкаралық электрондық төлем құжатын өңдеу құны:

(теңге, ҚҚС сомасын есептемегенде)

Төлем жүйесінің атауы Төлемді жүргізу уақыты Құны
Банкаралық ақша аудару жүйесі 08-00-ден 13-00-ге дейін 57,00
13-00-ден 20-00-ге дейін 114,00
20-00-ден кейін 740,00
Банкаралық клиринг 16-00-ден 09-00-ге дейін 9,00
09-00-ден 13-00-ге дейін 11,00
13-00-ден 16-00-ге дейін 22,00
Жаппай электрондық төлемдер жүйесі 00-00-ден 24-00-ге дейін 7,40

2. қаржы жылының соңғы операциялық күнгі банкаралық ақша аудару жүйесінде бір банкаралық электрондық төлем құжатын өңдеу құны:

(теңге, ҚҚС сомасын есептемегенде)

Төлем жүйесінің атауы Төлемді жүргізу уақыты Құны
Банкаралық ақша аудару жүйесі 08-00-ден 13-00-ге дейін 57,00
13-00-ден операциялық күнді жабудың белгіленген уақытына дейін 114,00
операциялық күн ұзартылған кезде 740,00

3. Банктік хабарлар алмасу жүйесінде ақпараттың 1 (бір) килобайтын беру құны 4,00 (төрт) теңге болады;

4. бір банкаралық электрондық төлем құжатын қайта беру құны 15,00 (он бес) теңге болады;

5. бір банкаралық электрондық төлем құжатының күшін жою құны 30,00 (отыз) теңге болады;

6. сұрату арқылы шоттар бойынша бір үзінді-көшірмені ұсыну құны 15,00 (он бес) теңге болады;

Күнтізбелік бір күн ішінде, бірмезгілде банкаралық клирингтің барлық пайдаланушысына шоттар бойынша үш, оның ішінде операциялық күн жабылғаннан кейін соңғы үзінді-көшірме тегін беріледі;

7. пайдаланушының жазбаша сұратуы бойынша Ұлттық төлем корпорациясының (бұдан әрі – ҰТК) мұрағатынан бір электрондық хабарды беру құны 500,00 (бес жүз) теңге болады;

8. көрсетілген қызмет санына қарамастан Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі бір ай ішіндегі қызметтер ақысының сомасы бір клиенттік орын үшін 15 000,00 (он бес мың) теңгеден кем болмайды;

9. көрсетілген қызмет санына қарамастан Банкаралық клирингтегі бір ай ішіндегі қызметтер ақысының сомасы бір клиенттік орын үшін 8 000,00 (сегіз мың) теңгеден кем болмайды;

10. көрсетілген қызметтер санына қарамастан, Жаппай электрондық төлемдер жүйесінде бір ай ішіндегі қызметтер ақысының сомасы бір клиенттік орын үшін 5 000,00 (бес мың) теңгеден кем болмайды;

11. көрсетілген қызмет санына қарамастан Банктік хабарлар алмасу жүйесіндегі бір ай ішіндегі қызметтер ақысының сомасы бір клиенттік орын үшін 2 500,00 (екі мың бес жүз) теңгеден кем болмайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 29 қарашасы №90 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы 2023 жылы көрсететін қызметтерге арналған тарифтер