Ескі сайтқа сілтеме

Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасында қолма-қол және қолма-қолсыз ақша бар: қолма-қол түріне банкноттар мен монеталар жатады, ал қолмақолсыз ақша дегеніміз – банк шотындағы ақша. Ұлттық Банк ұлттық валютаның үшінші түрін әзірлеп жатыр, ол – цифрлық теңге. Оны іске қосу туралы шешім осы жылдың соңында қабылданады деп күтілуде. Цифрлық теңге кәдімгі заңды төлем құралы ретінде қабылданады және экономикадағы субъектілер үшін классикалық ақшаның барлық функциясын атқарады. Жоба бойынша, цифрлық теңге бірегей цифрлық реттілік (токен) ретінде немесе арнайы электрондық әмиянда сақталатын электрондық жазба түрінде шығарылады. Төлем технологиясы тұрғысынан алып қарағанда, бұнда да үйреншікті көптеген опциялар қолжетімді болады, сонымен қатар төлем бойынша жаңа шешім қабылданады, ол – офлайн-төлем жүйесі, яғни, интернетке қосылмаған мобильді телефонмен де төлем жасауға болады деген сөз.
Цифрлық теңге іске қосылса да, қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар Қазақстанда айналымда қала береді, ал цифрлық валюта оламен қатар жүреді.

Цифрлық теңгені тек Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ғана айналымға шығарады және сол үшін міндет алады. Басқаша айтқанда, цифрлық теңгеге артылар сенімге Ұлттық Банк кепіл болады.
Салыстырмалы түрде алсақ, электронды ақшалар белгілі бір электронды ақша жүйесінің ішінде айналымда болады және сол жүйеге иелік етуші өзіндік міндеттер алады, ал стейблкоин мен криптовалюта технологиялық тұрғыда ұқсас болғанымен, ақшаның барлық функциясын атқара алмайды, мәселен, оның айналым құралы ретінде, жинақ және төлем қабілеті, тіпті құны да болмайды. Оларда пайдаланушының мүддесін қорғай алатын бірыңғай эмитент жоқ, ал олардың құны үнемі құбылмалы күй кешеді.

Ұлттық Банк Ұлттық төлем жүйесін жасақтап, дамытып келеді, мұндағы мақсат –республикадағы төлем айналымының барлық қатысушыларына қымбатқа түспейтін, тез, ыңғайлы әрі қауіпсіз төлемдерге жол ашу.
Цифрлық теңгенің инфрақұрылымы қаржы нарығына қатысушылар үшін қосымша құралға айнала алады, оны пайдалану арқылы олар жаңа инновациялық сервистер құра алады. Цифрлық теңге аймақтарда қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға көп мүмкіндік ашады және қаржылық қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Келешекте цифрлық теңгені енгізу арқылы трансшекаралық төлемдердің тиімділігін арттыруға болады.
Цифрлық теңге платформасы, сонымен қатар мемлекеттің қатысуымен есеп айырысулардың тиімділігін, жеделдігін және ашықтығын арттыру үшін кең мүмкіндіктер ашатын ұлттық валюта токендері деңгейінде бағдарламалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Енгізгеннен кейінгі ықтимал тәуекелдер мен пайдасына қатысты толық сипаттама Ұлттық Банктің баяндамасында берілген.

Инфрақұрылым тұрғысынан қарайтын болсақ, цифрлық теңге платформасы таратылған реестрлер технологиясы (блокчейн) мен дәстүрлі тәсілдерді біріктіреді. Нақтыланған іске асыру моделі елдегі төлемдерді жеделдетуге және арзандатуға басымдық беріле отырып, пилоттық жобаның қорытындысына сай айқындалады. Түпкі пайдаланушылар үшін бүгінгідей төлем түрлерімен салыстырғанда тікелей төлемдерде үлкен айырмашылық болмайды – цифрлық теңгедегі төлемдер қолданыстағы төлем құралдары: мобильді қосымшалар мен QR, NFC арқылы да қолжетімді болады, бірақ жаңа мүмкіндіктерге де жол ашылады, ең алдымен, ол – төлемді офлайн жүргізу мүмкіндігі.

Ұлттық Банк бәсекеге қабілетті және инновациялық төлемдер нарығына басымдық береді, онда негізгі рөлді нарыққа қатысушылар атқарады. Цифрлық теңгені пайдалану үшін инфрақұрылымды Ұлттық Банк қамтамасыз етеді, ал түпкілікті төлемді немесе басқа қызметтерді тек нарыққа қатысушылар ғана жүзеге асырады.

Жоқ, цифрлық теңге технологиясы, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем қызметтерін тұтынушылардың құқығын толық қорғауды қамтамасыз ететін тиімді және қауіпсіз төлемдерге бағытталған. Цифрлық теңге инфрақұрылымында төлемдердің анонимділігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті архитектуралық шешімдер ұсынылады. Алаяқтыққа, қаражаттың заңсыз айналымына және заңсыз әрекеттерді қаржыландыруға қарсы тұру үшін азаматтардың мүддесін қорғайтын тәсілдер қолданылады

Ұлттық Банк операциялардың анонимділігін қамтамасыз етуді және алаяқтықпен, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен, терроризмді қаржыландырумен күрес арасындағы теңгерімді тәсілді ұстанады.
Цифрлық теңге платформасының технологиялық прототипінің бөлігі ретінде «басқарылатын анонимділік» тәсілдері әзірленіп отыр, оларда жасырындық дәрежесі критерийлер жиынтығы (сома, контрагенттер және т.б.) бойынша транзакция тәуекелінің деңгейіне байланысты. Бұл тәсіл адами факторды жоққа шығаратын таратылмалы реестр технологиясын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Зерттеу аясында әдістемелік және технологиялық сипаттағы аспектілер қосымша зерттеледі.
Сонымен қатар, цифрлық теңге токендерін «екі рет шығындап алу» қаупіне қарсы тұру, үздіксіз және қауіпсіз оффлайн режимінде жұмыс істеуге байланысты басқа да киберқауіпсіздік тәуекелдерін азайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ықтимал тәуекелдерді азайту, мүмкіндіктерді арттыру және әлемдік деңгейдегі оқиғаларды барынша ескеру үшін Ұлттық Банк Халықаралық валюта қоры, Халықаралық есеп айырысу банкі, ФАТФ сияқты ұйымдармен, сондай-ақ нарыққа қатысушылармен және тәуелсіз сарапшылар қауымдастығымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Ұлттық валютаның үшінші түрі іске қосылған күні еліміздегі ақшаның барлық түрі өз құнын сақтап қалады. Яғни, 1 цифрлық теңге қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз қалыпта 1 теңгеге тең болады. Ақша иелері кез келген уақытта цифрлық ақшадан қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшаға еркін ауыса алады. Ұлттық Банк цифрлық теңге шоттары бойынша сыйақыны есептеуді қарастырмайды.

Цифрлық теңгені шығару бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл тақырып бизнеске қатысушылар үшін барлық ықтимал тәуекелдер мен пайдалы тұстарын, сондай-ақ ақша-нкредит саясаты мен қаржылық тұрақтылық тұрғысынан жан-жақты талдауды және зерттеуді талап етеді.
2021 жылы Ұлттық Банк технологиялық және операциялық тәуекелдерді бағалау бойынша пилоттық жобаны іске қосып, нарыққа қатысушылармен және сарапшылар қауымдастығымен, халықаралық серіктестермен талқылаулар өткізді. Ол зерттеудің қорытындысы Ұлттық Банктің сайтында жарияланды.
Осы жылы нарыққа қатысушылармен бірлесіп платформаның технологиялық прототипін кеңейту, сандық, экономикалық зерттеулер мен нормативтік аспектілерді бағалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмысқа қызығушылық танытқан барлық мүдделі тараптар шақырылады. 2022 жылдың екінші тоқсанында Digital Tenge Hub коллаборативті алаңы іске қосылады деп күтілуде.
2022 жылдың шілде айында Ұлттық Банк пайда мен шығындарды бағалау моделін жариялауды жоспарлап отыр, оның негізінде жыл соңына дейін цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы түпкілікті шешім қабылданады.