2019 жылғы 24 қазанда Қазақстанның төлем жүйелерін пайдаланушылардың кездесуі өтті, оған 26 ұйымнан 60-тан астам маман қатысты.
Кездесуде ҚР төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты тақырыптар талқыланды, соның ішінде:
- Төлем жүйелерінің ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары.
- API басқару жүйесі негізінде ҰТК бірыңғай технологиялық платформасы.
- SWIFT Сервис бюросы ретінде ҰТК қызметтерін ұсыну перспективалары.
- Куәландырушы орталық – өзара әркеттесу, тарифтер.
- ISO 20022 стандартына трансшекаралық транзакциялар үшін SWIFT төлем форматтарының жаһандық көшуі.
- ҚР үшін ISO 20022 төлем хабарларының жаңа форматтары.
Материалмен мына жерде танысуға болады.