Ескі сайтқа сілтеме

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясын құру туралы

Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары
15.09.2023

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы қ.                                                                                       2023 жылғы 15 қыркүйек

 

“Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация, «ҰТК» АҚ) “Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы”шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – ҚБЕО) қайта ұйымдастыру арқылы өзінің құрылғаны туралы хабарлайды. Корпорацияның қызметі нарықтың барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділік қағидаттарында ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына бағытталған, соның ішінде:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізу;
  2. Ұлттық төлем жүйесін орналастыру үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
  3. Төлем жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу;
  4. Деректерді берудің ақпараттық-телекоммуникациялық арналары бойынша қауіпсіз ақпарат алмасу, хабарламаларды кепілді жеткізу және өңдеу қызметтерін ұсыну;
  5. Электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау бойынша сәйкестігін куәландыру;
  6. «ҰТК» АҚ пайдаланушыларына ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын іске асыру, оларды пайдалану және сақтау;
  7. Криптографиялық кілттерді пайдалануға, таратуға және түпнұсқалығын куәландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру;
  8. Бөлшек төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
  9. Ұлттық банк, оның еншілес ұйымдары және өзге де ұйымдар үшін қаржы және төлем технологиялары саласында ғылыми-зерттеу және консультациялық қызметтер көрсету;
  10. «ҰТК» АҚ қызметінің мәні шеңберінде орта мерзімді және қысқа мерзімді оқыту бағдарламаларын, семинарларды, конференцияларды, көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
  11. Ұлттық банк, оның еншілес ұйымдары және өзге де ұйымдар үшін қаржы және төлем технологиялары саласындағы ақпараттық жүйелер мен дерекқорларды сүйемелдеумен ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету;
  12. «ҰТК» АҚ қызметінің мәні шеңберінде оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді, газеттерді, журналдарды, мерзімді басылымдарды басып шығару және тарату;
  13. Деректерді талдау және өңдеу;
  14. Биометриялық сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, клиенттерді сәйкестендіру кезінде сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының қызметтері.

Бұрын ҚБЕО ұсынатын өнімдер мен сервистер нарық қатысушыларына штаттық режимде көрсетіледі.

Корпорация 2023 жылы бұрын белгіленген жоспарларға сәйкес цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың қараша айында нарық қатысушыларымен бірлесіп ұлттық цифрлық валютаны енгізудің 1 кезеңі іске қосылады, оның шеңберінде тұтынушылар пилоттық режимде цифрлық теңгені қолма-қол және қолма-қол ақшасыз теңгемен қатар пайдалана алады. Пилоттық жобаның егжей-тегжейлері ағымдағы жылдың қыркүйек айында жобаны іске асыру туралы статус-баяндамада жарияланатын болады.

 

Нарық қатысушыларымен бірлесіп 2025 жылға дейін Open API & Open Banking тұжырымдамасыіске асырылуда, оның шеңберінде 2023 жылғы қарашада инновациялық сервистерді құру үшін нарық қатысушылары арасында банктік шоттар туралы ақпарат алмасу жөніндегі сервис пилоттық режимде іске қосылады.

 

Сондай-ақ, 2023 жылғы қарашада пилоттық режимде әрекет етудің жеделдігін арттыру, білім базаларын байыту және аналитикалық әлеуетті кеңейту үшін нарықтың барлық қатысушыларынан алаяқтық операциялар туралы ақпаратты шоғырландыруға, сақтауға және өңдеуге мүмкіндік беретін алаяқтық транзакциялар туралы деректер алмасу орталығы (Antifraud-орталық) іске қосылады.

 

Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің 2 кезеңін енгізу және қаржы нарығын ISO 20022 халықаралық қаржылық қатынастар стандартына көшіру, сондай-ақ қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда.

 

Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:

+ 7 (727) 250-67-22

e-mail: press@kisc.kz

https://www.npck.kz

 


File icon
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясын құру туралы