Посты с тэгом: Жаңалықтар мен баспасөз хабарламалары

“Sunqar” Жүйесі

2019 жылы 7 ақпанда Қазақстан Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы мен Қазақстан Ұлттық Банкінің қатысуымен мобильді телефон нөмірі бойынша «Sunqar» жедел төлемдер жүйесі жұмыс істей бастады.
«Sunqar» жүйесі жүйеге қатысатын түрлі банктердің клиенттері арасында Қазақстан бойынша жедел төлемдер мен ақша аударымдарын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жеке тұлғалар арасында ақша аудару үшін ұялы телефонның қарапайым және қолайлы идентификаторы – нөмір пайдаланылады, ол кез-келген төлем көзі, ағымдағы банк шоты, электронды әмиянға байланысты болуы керек.
«Sunqar» жүйесіндегі қызметтерді қазақстандық банктер мобильді қосымшалар немесе интернет-банкинг жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта жедел қызмет көрсету арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Алтын банк» АҚ (CITIC Bank Corporation Limited – SB) және «Еуразиялық банк» АҚ қызметтері ұсынылады.

2019 жыл ішінде 10-нан астам екінші деңгейлі банк жүйеге қосылуды жоспарлап отыр. Жаңа қызмет мобильді қосымшаларда және ішкі жоспарға сәйкес өздерінің ақпараттық жүйелерінің пысықталуына қарай осы банктердің қашықтан қызмет көрсету жүйелеріне қосылады.
Клиенттерге жедел төлемдер мен аударымдар бойынша тарифтік саясатты банктер дербес анықтайды.

Бірінші кезеңде «Sunqar» жүйесінде жеке тұлғалар арасында, оның ішінде әр түрлі қатысушы банктердегі өз шоттары бойынша (салымдар, брокердің инвест-шоттарын толтыру және басқалар), ақша аударуға болады (P2P-аударымдар).
Жүйе қызметтері дамып келе жатқанмен банктер арқылы заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер арнайы құрал-жабдық орнатпастан, жеке тұлғалардың пайдасына жедел төлемдерді жүзеге асырмастан тауарлар мен қызметтерге жедел төлемдерді қабылдауды қамтамасыз ете алады.

Атап айтқанда, «Sunqar» жүйесі арқылы QR кодтарын сканерлеу арқылы бөлшек саудада ұялы телефонмен төлеуге болады.
Қазақстанда жедел төлем жүйесін енгізу халықты және кәсіпкерлік субъектілерін қолжетімді төлем құралдарымен және қашықтағы арналар арқылы кез келген жерде, кез-келген кезде төлем жасау үшін әмбебап платформамен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі»

2018 жылғы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК сертификаттық аудит нәтижелері бойынша ISO/IEC 27001:2013 «Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі» сертификатын алды. Стандарт талаптарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі ақпараттық қауіпсіздік процестерінің іске асырылу тиімділігін және сенімділік кепілдігін қамтамасыз етеді.
«Ақпараттық қауіпсіздік САЯСАТЫ» утвержденный приказом №54- П от 7.08.2018.

Қазақстан пайдаланушылары үшін төлем жүйелері бойынша өкілдер кездесуі өтті

Қазақстан пайдаланушылары үшін төлем жүйелері бойынша өкілдер кездесуі өтті, оған 27 ұйымнан 70 астам маман қатысты.

Кездесуде ҚР Төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды: 

  • ҰТК төлем және ақпараттық жүйелерінің ағымдағы жағдайы, қорытындылары және талдауы. АТҚАЖ.
  • Жедел (мобильді) төлемдер жүйесі – Қазақстанның төлем жүйелерін дамытудың жаңа триггері ретінде.
  • ISO 20022 халықаралық стандартын енгізу.
  • Клиенттермен жақсы қарым-қатынас жасау үшін жаңа сервистерді ұсыну.
  • SWIFT Сервистік бюросы ретінде ҰТК қызметтерін ұсыну перспективалары.

Клиенттерді қашықтан сәйкестендіру механизмін жүзеге асыру.

Материалмен мына жерде танысуға болады.

Сертификаттық аудит нәтижелері бойынша QualityAustria сертификаты берілді

Рсертификаттық аудит нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-на ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес банкаралық төлемдерді, ақша аударымдарын, банкаралық клирингті жүзеге асыру бойынша өзінің қызметінде сапа менеджменті жүйесін қолдануды және одан әрі дамытуды растайтын QualityAustria сертификаты берілді.

QualityAustria – бұл ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, QS-9000, ISO 50001, IRIS, SCC немесе VDA6.x, сонымен қатар ISO/TS 16949 және TL9000 стандарттарына сәйкестігін растайтын сертификаттарды беруге тағайындалған жетекші сертификат орталығы. QualityAustria клиенттері экономиканың әртүрлі салаларындағы дүниеге танымал ұйымдар болып табылады. Ерекше танымалдардың арасында Еуропадағы BANK AUSTRIA, RAIFFEISENBANK, PHILIPS, SIEMENS, AUSTRIAN AIRLINES, NESTLE, HENKEL, PEUGEOT, AUDI, FORD, SWAROVSKI, MAGNA, RAIL CARGO және т.б.