Клиринг

Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) — кейіннен таза позицияларды айқындай отырып және банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ) арқылы түпкілікті есеп айырысуды жүргізе отырып, төлем қатынастарының көпжақты клирингі арқылы оның қатысушылары арасында бөлшек төлемдерді жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасының төлем жүйесі.

БКЖ маңызды төлем жүйесі болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жүйелерінің тізіліміне енгізілген. Төлем жүйесінің операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Операциялық орталық – «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ (ҰТК) болып табылады.

Бұрын БКЖ-да SWIFT (МТ форматтары) форматтарындағы электрондық хабарламалар қолданылған. 2025 жылғы 13 қаңтардан бастап БКЖ ISO 20022 халықаралық стандартының әдіснамасына сәйкес жұмыс істейді және төлем жүйесіне қатысушылардың төлемдерін МХ форматында қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады.

БКЖ-да қатысушы мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы №209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкте ашылған теңгемен қатысушының корреспонденттік шотының болуы шарт болып табылады.

Төлем жүйесінің қызметі «Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 211 қаулысымен реттеледі.


БКЖ негізгі ерекшеліктері:

Ақша жіберуші Банк (А Банкі) pacs.008/pacs.009  БКЖ-да ақша аудару туралы хабарламаларын жібереді.

Өңдеуге хабарлама қабылданған жағдайда БКЖ ақша жөнелтушінің банкіне (А Банкіне) pacs.008/pacs.009 кезекке pacs.002 (PDNG күйі) хабарламасымен қою туралы хабарлайды.

Pacs.008/ pacs.009  хабарламасында қате анықталған кезде БКЖ бұл туралы ақша жөнелтушінің банкін (А Банкі) қате коды мен сипаттамасын көрсете отырып, pacs.002 (RJCT күйі) хабарламасымен хабардар етеді.

БКЖ операциялық күн жабылғаннан кейін, таза позицияларды есептеп, банктерге camt.053 соңғы үзінді көшірмесін жібергеннен кейін жүйе Бенефициар банкіне (В Банкі) оның пайдасына түскен pacs.008/ pacs.009 төлем хабарламаларын қалыптастырады және жібереді.

Бенефициар банкі (Б Банкі) pacs.008 хабарламасын алған кезде ақшаны алушының шотына аударады.

  • Мақсаты: төлем жүйесіне қатысушылар арасында бөлшек шағын және орта қолма-қол ақшасыз банкаралық төлемдердің үлкен көлемі бойынша өзара есеп айырысуларды жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Функционалдылық: операциялық күннің соңында көпжақты өзара есеп айырысу арқылы жұмыс істеу
  • пайдаланушының есеп айырысу шотына ақшаны алдын-ала сақтауға бермей. Қатысушыларға жүйеге қаржылық ресурстарды алдын-ала тартудың қажеті жоқ, бұл өтімділікті тиімді пайдалануға оң әсер етеді.
  • Жұмыс режимі: бірыңғай есептік циклмен 24/7 режимінде жұмыс істеу. Жүйелерге қатысушылардың таза позицияларын есептеу БААЖ-да жүзеге асырылады
  • Төлемдердің икемділігі: несиелік және дебеттік аударымдарды ағымдағы күнмен де, болашақ валюта күнімен де T+3 жұмыс күніне дейін өңдеу мүмкіндігі. Соңғы есеп айырысуға дейін жіберілген төлемдерді қайтарып алу мүмкіндігі
  • Төлемдерді ішінара өңдеу: жиынтық төлем хабарламасының (тізілімдік емес) бір немесе бірнеше салынған құжаттарын өңдеу. Тек қате салынған құжатты қайтару (бүкіл хабарлама пакеті емес)
  • Ішінара кері қайтарып алу, бұғаттау және басымдықты өзгерту: жиынтық төлем хабарламасының (тізілімдік емес) құжаттарының бірінде кері қайтарып алу, бұғаттау және басымдықты өзгерту мүмкіндігі
  • Тәуекелдерді басқару: ақша жеткіліксіз болған кезде «кезекті жылжыту» әдісін қолдану, сондай-ақ резервтік орталықтың және БКЖ қызметін қалпына келтіру жоспарының болуы.
  • Шектеу: бір төлем хабарламасының (жиынтық төлем хабарламасының) ең жоғары сомасы 5 млн.теңгеден аспауға тиіс.

БКЖ операциялық күні

  •  Құжаттарды клирингке қабылдау тәулік бойы жүргізіледі, финалдық есеп айырысу және финалдық нысандарды беру жұмыс күндері сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін бір рет жүргізіледі.
  • 17:00-жаңа операциялық күннің басталуы.
    • Өзара есеп айырысу: жүйе әр қатысушы үшін таза позицияны есептей отырып, көпжақты клирингті есептейді.
    • Резервтеу және аудару: дебеттік позициясы бар қатысушылар үшін БААЖ-ға баламалы соманы резервтеу жүргізіледі. Ақшаны түпкілікті аудару жүйенің БААЖ-дағы позициясы арқылы жүзеге асырылады.
    • Есептеулерді аяқтау: пайдаланушылардың таза позицияларын есептеу банкаралық ақша аударымдар жүйесінде жүзеге асырылады, барлық нұсқаулар орындалғаннан кейін банкаралық жүйедегі клиринг позициясындағы қалдық нөлге тең болады.

 БКЖ-да төлем хабарын логикалық-форматты бақылау жүзеге асырылды:

  • хабарлама құрылымының ISO 20022 форматтарына сәйкестігі
  • электрондық цифрлық қолтаңбаның дұрыстығы
  • хабарламалар мен транзакциялар референстерінің бірегейлігі
  • жөнелтуші банктің және алушы банктің БСК дұрыстығын анықтау
  • жөнелтуші мен алушы шотының бақылау разрядының дұрыстығын анықтау
  • валюталау күнінің сәйкестік шарты (Т+3)
  • жөнелтушінің жөнелтуге және алушының төлемдерді қабылдауына құқықтың болуы
  • міндетті өзге де деректемелердің болуы (ЖСН/БСН, КНП, бейрезиденттер бойынша резиденттік елі және т. б.)

Бақылау шарттары орындалмаған жағдайда, төлем жөнелтушіге қате туралы хабарлама жасала отырып, төлем қабылданбайды, онда қатенің коды мен атауы көрсетіледі.


Хабарлама форматтары: MT-ден MX-ге дейін (ISO 20022)

МТ форматтарында қаржылық ақпаратты беру белгілі бір ақпаратты қосуға мүмкіндік беретін тиісті өрістер арқылы жүзеге асырылды, олардың мөлшері белгіленген таңбалар санымен шектелді. МТ форматтары икемді болмады және қосымша ақпарат беру үшін төлем жүйелерін де, оның қатысушыларының ақпараттық жүйелерін де жетілдіру қажет болды. МХ форматындағы төлем хабарламалары енді төлем ағындарының ашықтығын және оның барлық қатысушыларының, соның ішінде ISO 20022 стандартының әдіснамасына (нақты төлеуші, түпкілікті бенефициар) сәйкес төлемдердің жаңа қатысушыларының дәл сәйкестендірілуін қамтамасыз ете отырып, қосымша ақпаратты қосуға және беруге мүмкіндік береді.

БКЖ — дағы хабарламалардың негізгі форматтарының МТ және МХ сәйкестік кестесі:

Операция түрі Ескі формат (MT) Жаңа формат (ISO 20022) Сипаттама
Клиенттік төлем MT 100 / 102 pacs.008 Клиенттер алдындағы міндеттемелер бойынша банкаралық аударым (клиенттердің тапсырмалары)
Банкаралық аударым pacs.009 Қаржы институттарының өз міндеттемелері бойынша банкаралық аударым
Төлемнен бас тарту MT 905 pacs.002. RJCT Бас тарту себебі кодын көрсететін қате туралы хабар

          Төлем хабарламасын өңдеу шарттары:

1) аутентификациядан өту;

2) ақпараттың тұтастығын, құрылымын және деректемелердің мәндерін бақылаудан өту

3) Ақша жөнелтуші — қатысушының және бенефициар-қатысушының жүйеге қатысушы мәртебесінің болуы

4) операциялық күн күнінің төлем хабарламасында көрсетілген төлем күніне сәйкестігі;

5) төлем хабарламасының сомасы бір төлем хабарламасының (жиынтық төлем хабарламасының) ең жоғары сомасынан аспайды