Тарифтер БХАЖ

2026 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енуіне байланысты, «ҰТК» АҚ көрсететін барлық қызметтерге 16 % мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатыны туралы сіздерді хабардар етеді.

 

Банктік хабарламалар алмасу жүйесіне қатысқаны үшін көрсетілетін қызметтерге:

  1. Банктік хабарлар алмасу жүйесінде 1 (бір) килобайт ақпаратты беру құны 1,0 (бір) теңгені құрайды;
  2. көрсетілген қызметтер санына қарамастан, бір ай ішінде банктік хабарламалар алмасу жүйесіндегі қызметтерге ақы төлеу сомасы бір клиенттік орын үшін 2 500,00 (екі мың бес жүз) теңгеден кем болмауы тиіс.

 

ҚР Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» Акционерлік қоғамы 2026 жылы көрсететін қызметтерге тарифтер «ҚР Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 25 желтоқсан №38 шешімімен бекітілді.