Тарифтер

2026 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енуіне байланысты, «ҰТК» АҚ көрсететін барлық қызметтерге 16 % мөлшерлеме бойынша ҚҚС салынатыны туралы сіздерді хабардар етеді.

 

Пилоттық жобаны жүргізу уақытына цифрлық теңге жүйесінде көрсетілетін қызметтерге тарифтер айына ҚҚС сомасын есепке алмағанда 100 (теңге) құрайды.

«Цифрлық теңге» жобасы шеңберіндегі қызметтер мемлекеттік уәкілетті органдарға өтеусіз ұсынылады.

 

ҚР Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» Акционерлік қоғамы 2026 жылы көрсететін қызметтерге тарифтер «ҚР Ұлттық Банкінің ұлттық төлем корпорациясы» Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 25 желтоқсан №38 шешімімен бекітілді.