Ұлттық төлем корпорациясы Банк ЦентрКредит, Freedom Bank және Хоум Кредит Банк-пен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты

 

Пресс-релиз

   Алматы қ.                                                                                                30 қыркүйек 2025ж.

 

Ұлттық төлем корпорациясы Банк ЦентрКредит, Freedom Bank және Хоум Кредит Банкпен бірлесіп банкаралық QR-төлемдер сервисін іске қосты

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолдауымен ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту аясында банктердің мобильді қосымшаларында тауарлар мен қызметтерді төлеуге арналған банкаралық QR-төлемдер сервисінің іске қосылғанын хабарлайды.

Алғашқы операциялар «Банк ЦентрКредит» АҚ,  «Freedom Bank» АҚ және «Home Credit Bank» АҚ клиенттеріне қолжетімді болды. Бұл банктер өздерінің мобильді қосымшаларына банкаралық QR-төлемдер сервисін енгізіп, Қазақстан бойынша сауда және қызмет көрсету орындарында тауарлар мен қызметтерді төлеу мүмкіндігін қамтамасыз еткен алғашқы серіктестер болды.

Банкаралық QR-төлемдер сервисі Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі (БМТЖ) негізінде құрылған және ISO 20022 халықаралық стандартына сәйкес келеді, бұл операциялардың жылдамдығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

Бұл – барлық қатысушы банктердің клиенттері үшін қолжетімді бірыңғай төлем құралы, ол клиенттерге өз банкінің мобильді қосымшасы арқылы эквайринг желісі бойынша сатып алуларды төлеуге мүмкіндік береді.

Банкаралық QR-төлемдер сервисінің іске қосылуы – ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамытудың жаңа кезеңі, ол азаматтар мен бизнес үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жаңа қатысушыларды қосу бойынша жұмыстар жүргізуде.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРДЫ ЖҮКТЕП АЛУ