Ашық банкинг жүйесі

Жалпы бөлім. Open API және Open Banking жобасы туралы

 

2022 жылғы желтоқсанда ҚРҰБ бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРДА) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) қатысуымен 2023-2025 жылдарға арналған Open API және Open Banking дамыту Тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Мақсаты-Клиенттің келісімімен ғана стандартталған және қауіпсіз қаржылық ақпарат алмасуды енгізу.

Тұжырымдаманың негізгі міндеттері

 

  • ашық банкинг архитектурасын қалыптастыру;
  • стандарттар мен техникалық талаптарды әзірлеу;
  • инфрақұрылымын құру (Оpen API платформасы, сынақ ортасы, келісім қызметі);
  • қатысушылар үшін қауіпсіздікті және бірыңғай жағдайларды қамтамасыз ету.

2023 жылы «ҰТК» АҚ ашық бағдарламалық интерфейстер бойынша ақпарат алмасу жүйесін (бұдан әрі – ашық банкинг жүйесі) әзірледі және екінші деңгейдегі банктердің: Bank RBK, Altyn Bank, Home Credit Bank, Банк ЦентрКредит, Отбасы Банкінің қатысуымен «Клиенттің ағымдағы шоттары туралы ақпарат алмасу» пилоттық сценарийі іске қосылды. Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша Қазақстанда ашық банкингті енгізудің таңдалған тәсілінің Технологиялық іске асырылуы мен тиімділігінің гипотезалары расталды, тұжырымдаманы дамыту бойынша одан әрі қадамдар айқындалды. Бұл бастаманың елдегі цифрлық қаржылық қызметтерді трансформациялау саласындағы ұзақ мерзімді дамуға бағытталғандығын көрсетеді.

 

Ашық банкинг жүйесінің сценарийлері

 

  1. Банктік ақпаратпен алмасу

Банктік шоттар, қалдықтар және транзакциялар туралы мәліметтерге қол жеткізу үшін API қол жетімді. API екінші деңгейлі банктерді қосу үшін қол жетімді.

  1. Ашық деректермен алмасу

Сценарий банк өнімдері, банкоматтар, филиалдар және сақтандыру компанияларының деректері бойынша ашық API жариялауды және оған қол жеткізуді қамтиды. API енгізу 2026 жылы жоспарланған

 

Ашық банкинг жүйесіне қосылуға арналған жадынама

 

Жадынама