АТҚАЖ жүйелерін пайдалану кезінде ҰТК Қазақстан Республикасының «Электрондық құжаттар және электрондық сандық қолтаңбалар туралы» заңына сәйкес пайдаланушыларға электронды құжат айналымын құру үшін барлық қажетті құралдар мен қызметтерді ұсынады.
АТҚАЖ электрондық құжаттарды жіберуші мен алушының арасындағы дауларға ҰТК тәуелсіз заңды тұлға ретінде қатыса алады және пайдаланушыға 6 айдан ескі емес олармен шифрланған ақпараттарды ұсына алады, өту кезеңі бойынша, жіберушісі, қабылдаушысы немесе хат референсі бойынша құжаттардың өткендігі туралы арнайы ақпараттарды ұсына алады. Электрондық құжатты және электрондық сандық қолтаңбаны пайдалану кезінде туындаған даулар сот тәртібінде қарастырылады.
АТҚАЖ пайдаланушыларымен қабылданған/жіберілген электрондық құжаттарды сақтау мерзімі алты айды құрайды. Мұнда АТҚАЖ мұрағатында келесілер сақталады:
а)жүйе арқылы жіберілген және шифрланған барлық ақпараттар. Ақпараттарды мұрағаттау пайдаланушылармен жіберілген хаттар сервермен қабылданған кезде нақты уақыт ағымында орындалады. АТҚАЖ басқарушыларда келесідей критерийлер бойынша мұрағаттан шифрланған ақпараттарды пайдаланушылардың үй каталогтарына қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар: қайта қалпына келтіру кезеңі, жіберуші, қабылдаушы, хат референсі;
б) жүйенің мәліметтері мен оны орнатуды және пайдаланушының мәліметтерін қоса алғанда алдыңғы үш күн үшін жүйені қайта қалпына келтіру үшін жүйелік ақпараттар. Күнделікті файлдық жүйеге және ленталық магниттік тасымалдағыштарға орындалады.
АТҚАЖ қатынау үшін пайдаланушылар пайдалана алады:
а) Интернет желісі. ҰТК Интернетке қосылу жылдамдығы 2 Мбит/с;
б) Dial Up (PPP) бойынша ұйымдастыратын коммутирленген каналдар. ҰТК V92(56K6ht/c) хаттамасы бойынша жұмыс істейтін, негізгі орталықта 60 модемнен және резерв орталығында 30 модемнен тұратын модемдік пул пайдаланылады;
в) Frame Relay бойынша қазақстан нарығындағы аса ірі провайдарлермен ұйымдастырылған бөлінген каналдар: Казахтелеком АҚ, Астел АҚ, Нурсат АҚ, СА-Телком АҚ, Казтелепорт АҚ. Жиынтық өткізу қабеліттілігі 6 Мбит/с жетеді.
г) жоғары жылдамдықтағы (1000 Mbit/s) оптикалық каналдар IP/VPN MPLS Казтелепорт АҚ және Казахтелеком АҚ.
АТҚАЖ ең жоғарғы өнімділіктегі тоқтату қарсылығындағы серверлердің базасында қызмет істейді. ҰТК АТҚАЖ негізгі сервері негізгі орталықта және резерв сервері резерв орталығында жұмыс істейді. Резерв сервері ыстық режимде жұмыс істейді, негізгі серверде өңделетін ақпарат резерв орталығына әрбір 20 минут сайын бағытталады. Резерв серверіне өтетін жоспарланған уақыт негізгі сервер құрылымынан шыққан жағдайда 10 минуттан аспайды.
АТҚАЖ жүйесінде шифрлауға ГОСТ 28147-89, электрондық сандық қолтаңбаға ГОСТ 34.310-2004 және хештеу қызметіне ГОСТ 34.311-95 сияқты Қазақстан Республикасының стандарттары пайдаланылады. Пайдаланылатын сертификатталған криптографиялық құралдар Қазақстан Республикасының СТ 1073-2007 стандарттарына сәйкес келеді. Криптографиялық кілттерді сақтау үшін файлдық жүйелер, сыртқы USB немесе CD құрылғылары, сондай-ақ JavaCard, JavaToken, KAZToken, SmartCard түріндегі қорғалған құрылғылар қолданылуы мүмкін.