Ескі сайтқа сілтеме

Visa халықаралық төлем ассоциациясының өз мүшелері-қаржылық мекемелерге көрсететін әртүрлі қызметтер арасында Ұлттық Крилинг domestic-транpакциялар қызметі болып саналады. Visa -ға қатысушы-банктерінің есеп банкіге салынатын сақтандыру депозиттер түріндегі Ұлттық Крилинг бұл қызметтің артықшылығы валюттық қорды үнемдеуден тұрады. Ұлттық Қрилинг нәтижелері бойынша таза позиция ұлттық валютамен есептелетіндіктен ақшаны конвертациялау қажеттігінің жоқтығы есебінен ақшаны үнемдеу пайда болады. Осындай Ұлттық Крилинг СЕМЕА аймағындағы көпшілік елдерде (Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, ТМД елдері мен Балтық елдері) жүзеге асырылады.

Қазақстанда Ұлттық Крилинг (KAZNNSS) 1999 жылдан жұмыс істейді. KAZNNSS есептеу Агенті ҰТК болып саналады.

Қатысушы-банктердің таза позициясын реттеу олардың ҰТК Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі (БААЖ) есеп-шоттарын пайдаланумен жүзеге асырылады. ҰТК мен қатысушы-банктер арасында жасалған «KAZNNSS нәтижесі бойынша Visa ұсынған БААЖ ақша аударуды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсету туралы Шарт» пен ҰТК мен Visa International арасында жасалған «Есеп айыру Агентінің қызметін орындау туралы Келісім»-дер ҰТК орындайтын қызметінің құқықтық негізі мен олардың өзара міндеттерін қамтамасыз ету болып саналады.

 

2024 жылғы 1 шілде жағдай бойынша KAZNNSS VISA қатысушылары

 


р/н
Атауы
1  “ALTYN BANK”АҚ (“CHINA CITIC BANK CORPORATION LIMITED” ЕБ)
2 “KASPI BANK” АҚ
3 “СИТИБАНК ҚАЗАҚСТАН” АҚ
4 “ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК” АҚ
5 “ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ” АҚ
6 “FORTEBANK” АҚ
7 “БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ” АҚ
8 “BANK RBK” БАНКІ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
9 “ҚАЗПОЧТА” АҚ
10 «БАНК ФРИДОМ ФИНАНС КАЗАХСТАН» АҚ
11 “НҰРБАНК” АҚ
12 «Bereke Bank» АҚ
13  FIRST HEARTLAND JUSAN BANK АҚ
14 “БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН)”  АҚ ЕНШІЛЕС  ҰЙЫМЫ
15 “Home Credit Bank” АҚ ЕБ