#СДАО1
2020 жылғы 1 қазанынан бастап қашықтықтан биометриялық сәйкестендіру сервисі – «СДАО» ақпараттық жүйесі (СДАО) жұмыс істей бастады.
СДАО «тұлғаны тану» технологиясын қолдана отырып, қаржы ұйымына жеке бармай-ақ қаржылық қызметтерді алу мүмкіндігін көздейді.
Қашықтықтан биометриялық сәйкестендіру қаржы нарығының қатысушыларына клиенттерді қашықтықтан сәйкестендіруге және оларға банктік шоттар мен депозиттер ашу, төлем карточкаларын шығару, кредит беру сияқты қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Сервис банктерге де, сақтандыру компанияларына да, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, төлем және микроқаржылық ұйымдарға да қолжетімді.
«Бүгінгі күні СДАО «Vision Labs» ЖШҚ, «Verigram» ЖШС «Оз Форензика» ЖШҚ және «Biometric (Биометрик)» ЖШС атынан биометрия қызметтерінің 4 Жеткізушісі қосылды»
СДАО сервисіне қосылуға қызығушылық танытқан жағдайда қаржы нарығының қатысушылары +7-727-297-91-28 телефоны бойынша ҰТК жүгіне алады.