«Қазақстан Республикасындағы банкаралық клиринг туралы Уақытша ережесі» Ұлттық Банк Басқармасы бекіткеннен кейін Қазақстанда клирингті енгізуді 1995 жылы бастады. Осы ереже Қазақстан Республикасының төлем жүйесін жетілдіру және дамыту мақсаттарында және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен, «Қазақстан Республикасындағы банктер туралы», «Қазақстан Республикасындағы ақшасыз есеп айырысулар туралы уақытша ережесімен» сәйкес әзірленді.
Клиринг пайдаланушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, қаржы Министрлігінің Қазынашылығы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы, «Қазпошта» РМК және екінші деңгейлі банктер.
Клиринг «Пайдаланушы» мәртебесін алу үшін, банктер ҰТК клиринг бойынша қызметтер көрсету туралы шартын жасасуға міндетті. Клирингке қосылу үшін міндетті талабы БААЖ шоттың болуы болып табылады.
Терминал арқылы БААЖ жіберілген төлемдер, тура сол терминал арқылы Клирингке де төлем құжаттар жіберіледі.
Клирингте төлем құжаттар көпжақты өзара есепке алу принципі бойынша өнделеді. Клирингте бөлшек төлемдердің едәуір саны топталғанына байланысты, ақшаның айналымы көтеріледі. Ақша ақырғы есебі үшін клиринг операциялық күнінің соңында ғана керек болады, және талап еткен ақшаның мөлшері таза дебеттік сальдо соммасымен шектеледі, сонымен, олар бір күннің ішінде пайдаланушылармен басқа мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін.
Клиринг есеп жүргізу үшін алдын ала ақшаны депозитке салмай-ақ көп жақты негізінде жұмыс істейді. Жаңа операциялық күн 17:00 сағатта басталады.
Клирингке құжаттар тәулік бойы қабылданады, соңғы есеп сағат 15:00-ден 17:00 дейін бір рет жүргізіледі.
Клирингте несиелік және дебеттік шектеулер болмайды.
Бүгінгі күні қауіп-қатерді басқару «кезекті шешу» әдісі бойынша жүргізіледі.
Төлем құжаттарын өңдеуде Клирингте төмендегідей тексерулер жүзеге асырылады:
Тексеру талаптары орындалмаған жағдайда қаржы қабылданбайды, қаржы жіберушіге барлық тексеру тармақтарындағы қателер туралы (МТ905) жасалады. Клиринг төлем құжаттарын кезекке қояды.Операциялық күн ішінде пайдаланушының сұрауы бойынша Клиринг электрондық тәсілмен келесі ақпараттар бар көшірме береді:
Осындай қызмет түрі операциялық күн ішінде пайдаланушыға клирингтегі өзінің жағдайы туралы толық ақпаратқа ие болуға, өз ликвидтігін басқаруға, жоспарлауға және төлем балансын реттеуге, төлем ағымын қалыптастыруға және т. б. мүмкіндік береді.Күн ішінде түскен барлық төлем қүжаттары ақырғы есептеу кезіне дейін кезекте тұрады және кезекке FIFO (first in-first out) принципі бойынша қабылданады.
Пайдаланушылар операциялық күн біткенше Клирингке жіберген төлем құжаттарын қайтарып алу мүмкіндігіне ие. Клирингті пайдаланушылар өзінің ішкі саясатына байланысты өзінің төлемдеріне өз бетінше приоритеттік дәреже бере алады.
.Сағат 15:00-де клиринг операциялық күні аяқталады да төлем құжаттарын қабылдау тоқтатылады, қазіргі күнгі төлемнің қарсы талаптарын есептеу жүргізіледі және де әрбір пайдаланушының таза позициясы анықталады.Пайдаланушылардың төлем құжаттарын приоритеттік кодтарына сәйкес есептеу жүргізіледі, бір приоритеттік код шеңберінде төлем құжаттары олардың түсу ретімен өңделеді.
Әрбір пайдаланушының таза позициясын анықтағаннан кейін, сол пайдаланушының таза дебеттік позициясына тең ақша сомасын пайдаланушының таза дебеттік позициясын БААЖ сақтайды. БААЖ қалыптастырған төлем құжаттары негізінде клирингтің таза позициясының нәтижесі бойынша аударуды жүзеге асырады.
Соңғы төлемді өткізу үшін БААЖ ақша жеткіліксіз жағдайда, аз приоритетті кезекте тұрған төлем, төлем құжаттарын жіберушіге хабарлаумен жойылады.
Соңғы есепті жүзеге асырғаннан кейін клиринг әрбір пайдаланушыға операциялық күнді аяқтайтын құжаттарды жасайды: