Ескі сайтқа сілтеме

Фотосуреттерді салыстыру сервисі

Фотосуреттерді салыстыру сервисі – сервис, ол биометриялық шешім арқылы сенімді дереккөздерден алынған фотосуреті бар клиенттің бет суретінің сәйкестік дәрежесін анықтайды. Салыстыру нәтижесінде Қатысушыға салыстыру пайызы қайтарылады.

Section image

Салыстыру мынадай құжаттардың кем дегенде біреуі бар тұлғалар бойынша жүргізіледі:

  • ҚР азаматының жеке куәлігі
  • ҚР азаматының төлқұжаты
  • шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты
  • азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (қазақстандық үлгідегі)

Бұл сервис қатысушы жүргізетін клиенттің жеке басын тексеру және/немесе аутентификациялау және/немесе сәйкестендіру рәсімдерінің бір кезеңі болып табылады. Осы рәсімдердің нәтижелері туралы шешімді, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар орнату және/немесе оған қызметтер көрсету туралы шешімді қатысушы дербес қабылдайды.

Техникалық құжаттама

Қатысушыны Тест ортасы үшін сервиске қосу:

Тест ортасының Url: onlinetest.kisc.kz

  1. СДАО АЖ модулімен өзара іс-қимыл жасау үшін Қатысушылар «ҰТК» АҚ Куәландыру Орталығында криптографиялық кілттер жиынтығын шығаруы қажет.

Тест ортасына арналған криптографиялық кілттерді алу үшін Куәландырушы Орталықтың тест порталында «Инфо» бөлімінде орналасқан хат үлгісін толтыру қажет: https://betaca.kisc.kz/info  «Инфо» бөлімі (Тест кілттерін және тіркеу куәліктерін алуға арналған хабарлама үлгісі) және поштаға жіберу: supportca@kisc.kz

Бастапқы бастамалаудың криптографиялық кiлттерiнiң жиынтығы 14 күнге шығарылады және оларды бiр жылға ұзарту қажет. Тіркеу кілттерін шығаруға, оның ішінде ұзартуға, сондай-ақ «TumarCSP» БҚ орнату және баптауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда e-mail: supportca@kisc.kz немесе 8 (727) 250-66-75 телефоны бойынша хабарласу қажет.

  • Криптографиялық кілттер жиынтығы GOST және RSA сертификаттардан тұрады. RSA (* .p12) сертификаты авторизациялау үшін, ал GOST (* .pfx) сертификаты қол қою үшін қажет.
  • Криптографиялық кілттерді жүктеу үшін «TumarCSP» криптографиялық провайдерін іске қосу және «FSystem» профайлына өту қажет, кілттер тізімінде шығарылған криптографиялық кілттер көрсетілуі тиіс: GOST (көк түспен көрсетіледі) және RSA (қызыл түспен көрсетіледі).
  • GOST сертификатын жүктеу үшін оны таңдау керек, содан кейін тышқанның оң жақ түймешігін басып, ашылатын мәзірдегі «Импорт/Экспорт»…» тармағын таңдап, одан кейін «Кілтті экспорттау (PKCS #12)» тармағын таңдап, құпия сөзді көрсетіп, сақтау жолын таңдаңыз.
  • RSA сертификатын жүктеу үшін оны таңдау керек, содан кейін тышқанның оң жақ түймешігін басып, ашылатын мәзірдегі «Импорт/Экспорт»…» тармағын таңдап, одан кейін «Кілтті экспорттау (PKCS #12 SSL)» тармағын таңдап, құпия сөзді көрсетіп, сақтау жолын таңдаңыз.

2. Тестiлеудi СДАО АЖ тестiлеу ортасында өткiзу үшiн Қатысушылар «ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасының атына еркiн нысанда ресми хат жiберуi қажет. Хатта бизнес-процестерді тестілеу мақсатында ұйымның СДАО АЖ тестілеу ортасында қосымшада көрсетілген ЖСН үшін өнеркәсіптік деректерге қолжетімділігі қажет екенін көрсету қажет. Тест тобынан ЖСН тізілімі әрбір ЖСН мен «менің дербес деректерімді үшінші тұлғалардың алуына, сақтауына және өңдеуіне келісемін» деген мәтінге қарама-қарсы және ЖСН иесінің қолы қойылған 10-нан аспайтын ЖСН қамтиды. Кестенің мысалы:

ТАӘ ЖСН Келісім Қолы
1 И.И. Иванов 970517123456 менің дербес деректерімді үшінші тұлғалардың алуына, сақтауына және өңдеуіне келісемін

Сканерленген нұсқаны «ҰТК» АҚ кеңсесінің электрондық поштасына мына мекенжай бойынша жіберу қажет: info@kisc.kz.

3. Криптографиялық кілттерді алғаннан және ЖСН тест ортасына қосқаннан кейін, «Postman» БҚ пайдалана отырып, СДАО-на қосылу жадынамасының қосымшасында көрсетілген интеграция мысалдары бойынша тестілеу жүргізе аласыз.

Өнеркәсіптік орта үшін:

Url СДАО АЖ: online.kisc.kz – өнеркәсіптік орта

  1. Қатысушыны СДАО АЖ-де тіркеу мына мекен-жайда орналасқан шарт жасалғаннан кейін автоматты түрде жүргізіледі: https://www.kisc.kz/wp-content/uploads/2024/01/czoid.-dogovor-s-uchastnikom-sopostavlenie-fotoizobrazhenij.docx «Үлгілік шарттар» – «Қатысушымен шарт (фотосуретті салыстыру)» қосымша беті

Шарт жасасуға қатысты барлық сұрақтар бойынша СДАО басқармасына мына e- mail арқылы хабарласу қажет: coid@kisc.kz немесе телефон арқылы: 8 (727) 297 91 44.

2. Өнеркәсіптік ортада криптографиялық кілттер алу үшін «ҰТК» АҚ жүйелерінде Куәландырушы Орталықтың қызметтерін ұсыну туралы шартқа Өтініштің/Келісімнің № 1 қосымшасына қол қою қажет. Қол қойылған өтініш/келісім «ҰТК» АҚ Куәландыру орталығының қызметкерлеріне мына e-mail арқылы: supportca@kisc.kz.
Криптографиялық кілттерді шығару ҚБЕО Куәландырушы орталығының порталында мына мекенжай бойынша жүргізіледі:  https://ca.kisc.kz/auth – өнеркәсіптік орта үшін.
Бастапқы бастамалаудың криптографиялық кiлттерiнiң жиынтығы 14 күнге шығарылады және оларды бiр жылға ұзарту қажет. Тіркеу кілттерін шығаруға, оның ішінде ұзартуға, сондай-ақ «TumarCSP» БҚ орнатуға және баптауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда e-mail: supportca@kisc.kz немесе телефон арқылы: 8 (727) 250-66-75.

  • Криптографиялық кілттер жиынтығы GOST және RSA сертификаттардан тұрады. RSA (* .p12) сертификаты авторизациялау үшін, ал GOST (* .pfx) сертификаты қол қою үшін қажет.
  • Криптографиялық кілттерді жүктеу үшін «TumarCSP» криптографиялық провайдерін іске қосу және «FSystem» профайлына өту қажет, кілттер тізімінде шығарылған криптографиялық кілттер көрсетілуі тиіс: GOST (көк түспен көрсетіледі) және RSA (қызыл түспен көрсетіледі).
  • GOST сертификатын жүктеу үшін оны таңдау керек, содан кейін тышқанның оң жақ түймешігін басып, ашылатын мәзірдегі «Импорт/Экспорт»…» тармағын таңдап, одан кейін «Кілтті экспорттау (PKCS #12)» тармағын таңдап, құпия сөзді көрсетіп, сақтау жолын таңдаңыз.
  • RSA сертификатын жүктеу үшін оны таңдау керек, содан кейін тышқанның оң жақ түймешігін басып, ашылатын мәзірдегі «Импорт/Экспорт»…» тармағын таңдап, одан кейін «Кілтті экспорттау (PKCS #12 SSL)» тармағын таңдап, құпия сөзді көрсетіп, сақтау жолын таңдаңыз.

3. СДАО АЖ өнеркәсіптік ортаға қол жеткізу IP VPN немесе IPSEC арқылы бөлінген байланыс арнасы арқылы жүзеге асырылады.

Хаттың толтырылған үлгісінің сканерленген нұсқасын «ҰТК» АҚ кеңсесінің электрондық поштасына мына мекенжай бойынша жіберу қажет: info@kisc.kz

4. Қол жеткізуді және криптографиялық кілттерді алғаннан кейін Қатысушының жүйелерінде СДАО-на қосылу жадынамасының қосымшасында көрсетілген әдістерді ықпалдастыру қажет. Әдістерді тексеруді «Postman» БҚ пайдалана отырып жүзеге асыруға болады.

СДАО қызметке қосылу нұсқаулары Жаднама СДАО
Қатысушымен келісім (фотосуреттерді салыстыру) czoid.-dogovor-s-uchastnikom-sopostavlenie-fotoizobrazhenij
Өтініш формасы 1. Арнайы байланыс арналарын қосуға арналған хат үлгісі (IP VPN)
2.Бөлінген байланыс арналарын қосуға арналған хат үлгісі (IPSEC)