Екі факторлы FinID аутентификациясы
FinID клиенттің жеке басын екі факторлы аутентификациялау сервисі бірыңғай қызмет (SAAS) ретінде клиенттің жеке басын аутентификациялаудың толық циклін қамтамасыз ететін дербес API түрінде ұсынылған.
Жеке тұлғаны екі факторлы аутентификациялау қызметі бір сұрау салу шеңберінде жеке тұлғаны аутентификациялау жөніндегі іс-шараларды кешенді өткізуді жүзеге асырады, ол:
Көрсетілген Қызметтің нәтижесінде «ҰТК» АҚ процеске қатысушыға сәтті/сәтсіз өткен аутентификация туралы нәтижені және сәтті тексерілген жағдайда пайдаланушының дербес деректерін ұсынады.
E-sign бұлтты ЭЦҚ басқару сервисі
ЭЦҚ басқару сервисі – бұлтты ЭЦҚ қолдана отырып, электрондық құжаттарға қол қою қызметтерін, сондай-ақ мыналарды қамтитын өзге де функцияларды ұсынатын СДАО сервисі:
ЭЦҚ бұлтты басқару сервисінің сұрау салуы бойынша ЭЦҚ сұрау салуларын өңдеуді және кілттерін генерациялауды, сондай-ақ оларды HSM-модульде сақтауды Тіркеу куәліктерін қолдану саясатына және Куәландырушы орталықтың регламентіне сәйкес «ҰТК» АҚ Куәландырушы орталығының бағдарламалық-аппараттық кешені қамтамасыз етеді.
Куәландырушы орталықта электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін құру, пайдалану және сақтау қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 405/НҚ бұйрығымен бекітілген) жабық кілтке қолжетімділікті иесі кемінде екі аутентификация факторы арқылы қашықтықтан жүзеге асырады, олардың бірі биометриялық болып табылады. Осыған байланысты бұлтты ЭЦҚ жабық кілтіне қолжетімділік иесін міндетті түрде аутентификациялаумен СДАО жеке басын екі факторлы аутентификациялау сервисі арқылы қашықтан жүзеге асырылады.
Техникалық ерекше нұсқама
СДАО-мен қосылу және жұмыс істеу үшін қажетті ақпарат техникалық ерекше нұсқамада мына сілтеме бойынша ұсынылған: Жұмыстың басталуы | Құжаттама (npck.kz)
Қосылу туралы қысқаша нұсқаулық
Екі факторлы тұлғаны аутентификациялау сервистеріне қосылу ерекшеліктері:
1) Қатысушыларды СДАО сервистеріне қосу Порталда (cabinet.npck.kz) Қатысушының қосымшасын тіркеу және қосылу үшін Қатысушының тиісті қызметті таңдауы арқылы жүзеге асырылады;
2) ақпарат алмасудағы тараптарды авторизациялау Қатысушының әрбір қосымшасы үшін генерацияланатын есепке алу деректері (clientID/clientSecret) бойынша жүзеге асырылады;
3) есептік деректер Порталда тіркелген әрбір Қатысушы қосымшасы үшін бірегей болып табылады;
4) есептік деректер Қатысушының Порталда тіркелген бір қосымшасын СДАО-ның әртүрлі сервистеріне қосқан кезде бірыңғай болып табылады;
5) Қатысушы қосымшасын тіркеген және оны Порталда тиісті СДАО сервисіне қосқан сәттен бастап Қатысушы СДАО сервисін пайдалану құқығына ие болады;
6) Қатысушыны СДАО-на қосу фактісі Порталда Қатысушының қосымшасы туралы ақпарат бетінде көрсетіледі;
7) СДАО сервисін пайдалану мақсатында Қатысушы Операторға сұрау салу жібереді.
8) СДАО сервисімен өңделген Қатысушының сұрау салуларын есепке алу СДАО сервисіне Қатысушының қосымшасы қосылған сәттен бастап жүзеге асырылады.
СДАО сервистеріне қосу үшін Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлға Операторға тиісті Қызметтер көрсету туралы шартта белгіленген нысан бойынша қосылу туралы өтініш береді.
Заңды тұлға қосылу туралы өтінішке қол қояды және оған мынадай құжаттарды қосады:
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама;
2) заңды тұлғаның уәкілетті органының хаттамасы (шешімі) және бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
4) заңды тұлғаның жарғысы;
5) өтініш берушінің өкілеттігін растайтын сенімхат (егер Өтінішке бірінші басшы қол қоймаса);
6) ҚР ҰБ немесе ҚНРДА тізілімінде тіркеу туралы куәлік (бар болса);
7) ҚНРДА берген лицензия (бар болса);
8) АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті берген лицензия (бар болса).
Екі факторлы жеке басын сәйкестендіру қызметтерін ұсыну туралы шартқа қосылу туралы өтінішті беру Алматы қаласы, Көктем 3 шағын ауданы, 21 ғимарат мекенжайы бойынша жеке не тапсырысты пошта арқылы жүзеге асырылады. Өтінішке қоса берілетін құжаттар көшірмелерде беріледі. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы Қызметтер көрсету туралы Шартқа қосылу туралы қол қойылған өтінішті беруге жол беріледі.