Ескі сайтқа сілтеме

«Цифрлық теңге» жобасын енгізудің бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары туралы баяндама жарияланды

Аналитика
15.12.2023

#цифрлықтеңге4

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы Қазақстан Республикасында цифрлық валютаны енгізудің бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары туралы «Цифрлық теңге: бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері» баяндамасының жарияланғаны туралы хабарлайды.

Қорытынды баяндама «Цифрлық теңге» жобасының ағымдағы мәртебесі және 2023 жылғы жұмыстар барысында алынған өнеркәсіптік және эксперименттік контурды іске асыру нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады. Сонымен қатар, бұл құжат 2024 және 2025 жылдардағы іске асыру жоспарларын сипаттайды.

2023 жылғы 15 қарашада өнеркәсіптік контур шеңберінде цифрлық теңге платформасын енгізудің бірінші кезеңі іске қосылды. Қатысушы банктердің клиенттеріне цифрлық шоттар арасында төлемдер мен цифрлық теңге аударымдары қолжетімді болды. Бұдан басқа, Алматы қаласының әкімдігімен және «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп мектептерде тегін тамақтандыруға арналған «цифрлық ваучерлер» пилоттық жобасы іске қосылды. Visa және Mastercard және 4 ЕДБ (Халық Банкі, Altyn Bank, БанкЦентрКредит, Еуразиялық банк) бірлесіп цифрлық теңгемен цифрлық шотқа байланған цифрлық банк карталары іске қосылды-бұл азаматтарға әлемнің кез келген нүктесінде және таныс пайдаланушы жолы, қолданыстағы банк инфрақұрылымы шеңберінде цифрлық теңгемен жұмсауға, қолма-қол ақша алуға және операциялар жүргізуге мүмкіндік береді. Эксперименттік контурдағы жұмыстар Digital Tenge Ideathon 2022 идеялар байқауында жеңіске жеткен нарық қатысушыларының идеяларын сынақтан өткізуді, сондай-ақ трансшекаралық төлемдерді, цифрлық теңгемен қамтамасыз етілген стейблкоиндер шығаруды және бағалы қағаздарды токенизациялауды тестілеуді қамтыды.

2024 жылы нарық қатысушыларымен бірге іске қосылған жүйелер мен жобаларды масштабтау жоспарланған. Ұлттық цифрлық валютаны енгізудің екінші кезеңі шеңберінде нарықтың жаңа қатысушыларын қосу, Интернетке қол жеткізусіз есеп айырысуларды енгізу, мемлекеттік есеп айырысулардың тиімділігін арттыру және инновациялық сервистерді құру үшін смарт-келісімшарттарды қолдану жоспарланған.

Ұлттық Банк цифрлық теңгені кезең-кезеңімен, 2025 жылдың соңына дейін 3 кезеңде енгізеді.

ЗЕРТТЕУДІ ЖҮКТЕП АЛУ