Ескі сайтқа сілтеме

Биометриялық шешім – бұл жеке тұлғаны сәйкестендіру және аутентификация үшін биометриялық деректерді пайдаланатын технологиялық жүйе. Биометрия адамның бірегей физиологиялық және мінез-құлық сипаттамаларын өлшеуге және талдауға жатады. Биометриялық әдістер парольдер немесе кілттер сияқты дәстүрлі әдістермен салыстырғанда тұлғаны сәйкестендірудің неғұрлым сенімді және ыңғайлы тәсілдерін қамтамасыз етеді.

СДАО «ҰТК» АҚ-ның белгіленген талаптарына сәйкес келетін және мынадай өлшемдерге жауап беретін биометриялық шешімдерге жол беретін мультивендорлық платформа ұсынады:

  • Сапа
  • Сенімділік
  • Жылдам әрекет ету

БИОМЕТРИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ СДАО-на ҚОСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ

1.Биометриялық шешімді СДАО-на жеткізуші болғысы келетін заңды тұлға, СДАО-на қосылуға өтінім беруі тиіс, қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей:

  • СДАО үшін биометриялық шешімге жай айрықша емес лицензия беру туралы қосылу шартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СДАО үшін биометриялық шешімге жай айрықша емес лицензия беру туралы қосылу шартына қосылу туралы қол қойылған өтініш;
  • бірінші басшының сенімхаты (егер Өтінішке бірінші басшы қол қоймаса);
  • заңды тұлғаның уәкілетті органының хаттамасы (шешімі) және бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрық;
  • қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік;
  • жарғы;
  • заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін/қайта тіркелгенін растайтын құжаттар;
  • Оператордың контурында өрістету үшін осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес келетін биометриялық шешімді және интеграция мен тестілеу жүргізуге арналған тиісті құжаттаманы;
  • биометриялық шешімге айрықша құқықтардың болуын құжаттамалық растау не заңды тұлғаның Операторға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік объектісін пайдалану құқығын беру құқығын растайтын өзге де құжат;
  • осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биометриялық шешімге тестілеу өткізу туралы қол қойылған келісім;
  • техникалық қолдау қызметінің бар екендігін растау және оның байланыстарын көрсету хаты;
  • биометриялық шешімді тестілеуді өткізу туралы қол қойылған келісім;
  • қосымша құжаттар (қажет болған жағдайда).

2. Өтiнiм мен өзге де материалдар ресми тәртiппен Операторға жеке өзi не тапсырысты почта арқылы мына мекен-жай бойынша жiберiледi: Алматы қаласы, Көктем 3 шағын ауданы, 21 ғимарат. Өтінішке қоса берілетін құжаттар көшірмелерде беріледі.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы СДАО үшін биометриялық шешімге жай айрықша емес лицензия беру туралы қосылу шартына қосылу туралы өтініш беруге жол беріледі.

Жеткізушімен Қосылу Шарты

Liveness Biometric Solutions тест нәтижелері

Өнім берушінің атауы Сынақ нәтижесі Хаттама
1 «Qaztec Services» ЖШС Сәйкес келеді «Qaztec Services» ЖШС тестілеу хаттамасы
2 «Biometric solution» ЖШС Сәйкес келмейді «Biometric solution» ЖШС тестілеу хаттамасы
3 «SunSoft» ЖШС Сәйкес келмейді «SunSoft» ЖШС тестілеу хаттамасы
4 «OZ Forensics» ЖШС Сәйкес келмейді «OZ Forensics» ЖШС тестілеу хаттамасы
5 «VisionLabs» ЖШҚ Сәйкес келмейді «Vision Labs» ЖШҚ тестілеу хаттамасы
6 «УЗИНФОКОМ» мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құру мен қолдаудың бірыңғай интеграторы» ЖШҚ Сәйкес келмейді «UzinfoCom» ЖШҚ тестілеу хаттамасы

 

Биометриялық шешімдердің фотосуретке сәйкестігін тексеру нәтижелері

Өнім берушінің атауы Сынақ нәтижесі Хаттама
1 «Вериграм» ЖШС Сәйкес келеді «Вериграм» ЖШС тестілеу хаттамасы
2 «VisionLabs» ЖШҚ Сәйкес келеді «VisionLabs» ЖШҚ тестілеу хаттамасы
3 «SunSoft» ЖШС Сәйкес келеді «SunSoft» ЖШС тестілеу хаттамасы
4 «Biometric solution» ЖШС Сәйкес келеді «Biometric solution» ЖШС тестілеу хаттамасы
5 «Qaztec Services» ЖШС Сәйкес келеді «Qaztec Services» ЖШС тестілеу хаттамасы
6 «OZ Forensics» ЖШС Сәйкес келеді «OZ Forensics» ЖШС тестілеу хаттамасы
7 «Бірінші кредиттік бюросы» ЖШС Сәйкес келеді «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС тестілеу хаттамасы
8 «УЗИНФОКОМ» мемлекеттік ақпараттық жүйелерін құру мен қолдаудың бірыңғай интеграторы» ЖШС Сәйкес келеді «UZINFOCOM» ЖШҚ тестілеу хаттамасы
9 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Сәйкес келмейді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тестілеу хаттамасы