Ескі сайтқа сілтеме

Соңғы бес жылда финтех-стартаптардың саны 4 есе өсті: Қазақстанның финтех нарығы туралы зерттеу жарияланды

Аналитика
03.07.2024

АЛМАТЫ, ҚАЗАҚСТАН – 2024 шілде 3 маусым – RISE Research Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы, Mastercard және Tarlan Payments компанияларымен бірлесіп Қазақстандағы финтех нарығына ауқымды талдау жүргізді. Зерттеуге 100-ден астам қаржы және төлем технологиялары компанияларының кең ауқымды сауалнамасы кірді.

Алынған мәліметтерге сәйкес, Қазақстан цифрлық қаржыландыруды дамыту бойынша ТМД елдері мен Еуропа арасында алдыңғы қатарда*. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 2024 жылдың мамырында рекордтық 89%-ға жетті. Сонымен қатар, 2019-2023 жылдар аралығында онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар саны 4,6 есе (5 миллионнан 23,1 миллионға дейін) өсті.

“Қазақстан қолма-қол ақшасыз экономиканы дамытуда әлемдік көшбасшы болып табылады. Соңғы бес жылда қолма-қол ақшасыз операциялардың саны жиырма еседен астам өсіп, бөлшек тауар айналымының 89%-ын құрады. Нарықты қызметтерді жақсартуға және инновацияларды енгізуге ынталандыратын бәсеке. Ашық «ойын ережелері» және дамуына Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясы жауап беретін Цифрлық қаржылық инфрақұрылымға тең қолжетімділік бәсекелестіктің негізі болып табылады. Біз тұтынушылар сапалы, үнемді және ыңғайлы қаржылық қызметтер түрін пайдалана алуы үшін инновациялық шешімдерді қолдауды және дамытуды жалғастыруға ниеттіміз,” – деді Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрағасы Бинұр Жаленов.

Финтех-индустриясының өсуі елдің венчурлік индустриясында финтех бағытының дамуымен қамтамасыз етіледі. Соңғы бес жылда финтех-стартаптардың саны 200 компанияға жетіп, тартылған венчурлық инвестициялар көлемінде көшбасшы рөлін қамтамасыз етті. 2023 жылы Қазақстандағы венчурлық қаржыландырудың 40%-ы осы саланың үлесіне тиесілі.

«Қазақстан финтех даму деңгейі бойынша аймақ көшбасшысы болуға ұмтылуда және Mastercard бұл мақсатты көп жылдар бойы қолдап келеді. Біз соңғы жылдары бұл саланың қарқынды өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Атап айтқанда, токендік төлемдер, ШОБ-қа арналған финтех шешімдер, Жасанды интеллект және Блокчейн саласындағы жобалар, инвестициялық платформалар, сандық сақтандыру өнімдері және т.б. сияқты жаңа төлем түрлері белсенді дамуда. Ұсынылған баяндамада біз серіктестерімізбен бірге Қазақстанның финтех дамыту тәжірибесін ұғынуға, жақын болашақтың негізгі үрдістерін талдауға тырыстық. Зерттеу қазақстандықтарға инновациялық финтех өнімдерін ұсынуды кеңейтетін жобаларды әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ салаға инвестициялар тартуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Mastercard-тың Қазақстан және Орталық Азия бойынша бас директоры Санжар Жамалов.

Елдегі қаржылық және төлем технологияларын дамытудың негізгі драйвері банк секторы болып қала береді. Сонымен қатар, соңғы бес жылда банктік емес финтехтердің саны 4 есе өсті, крипто биржалары, eKYC, AML, алаяқтыққа қарсы және цифрлық несиелеу сияқты мамандандырылған салалар пайда болды. Бұл олардың дамығаны мен қолданыстың кеңейгенін, экожүйесі және нарық қатысушыларының өсіп келе жатқанының көрсеткіші.

“Есеп деректері бойынша, біздің елде халықаралық та, жергілікті де төлем жүйелері белсенді қолданылады. Бұл біздің нарықтың әлемдік қаржы экожүйесіне жоғары деңгейде интеграциялануын және жергілікті  халықаралық аренаға шығуға дайын екенін растайды. Менің ойымша, Қазақстанның финтех компанияларының бұл үшін барлық мүмкіндіктері бар”, – дейді Tarlan Payments компаниясының бас директоры Андрей Седенко.

Қазақстандық финтех нарығының дамығандығын соңғы жылдардағы басты тренд – дәстүрлі банктердің финтехтерді, e-commerce және басқаларын қоса алғанда, стартаптардың дамығандығын дәлелдейді. Мұнда банктер негізгі серіктестер мен инвесторлар ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, бүкіл тарихи перспективада нарықтың дамуы реттеушілердің белсенді рөлімен қатар жүріп, оның ішінде заңнамалық реформалар, бағдарламалар мен стратегиялар, цифрлық қаржы инфрақұрылымын құру, финтех секторының өсуі мен дамуын ынталандыруда шешуші рөл ойнайды.

Сарапшылар Қазақстандағы финтех экожүйесінің дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жүріп жатқанын, бірақ соңғы сегіз жылда әсіресе реттеу, айтулы оқиғалар мен бастамалар тұрғысынан ерекше көзге түскенін айтады.

«Зерттеуде саланың жан-жақты талдауы ұсынылған, оның ішінде негізгі ойыншылардың картасы және 7 негізгі финтех тренді бар. Біз барлық ақпаратты бір есепте жинақтадық, нарық көрінісін көрнекі түрде көрсету және шетелдік және жергілікті қаржы және технологиялық компаниялар үшін пайдалы құрал болу үшін. Сонымен қатар, финтех нарығының ойыншылары үшін қазіргі трендтерді бақылап қана қоймай, оларға «қосылу», оларды басып озу және нарықта қарқын беру маңызды: банктер үшін – финтех-стартаптармен ынтымақтаса отырып BaaS енгізу, өз процестеріне Govtech және жасанды интеллект технологияларын интеграциялау» , – деді RISE Research негізін қалаушы Айнұр Жантурина.

Дәл қазір елдің финтех нарығын қалыптастыратын негізгі трендтердің арасында сарапшылар мыналарды атап көрсетті:

  • жасанды интеллектті (ЖИ) енгізу;
  • финтех пен сандық мемлекеттік қызметтердің (Govtech) синергиясы;
  • ШОБ үшін жаңа сандық қаржылық өнімдер;
  • бөліп төлеу қызметтері (BNPL);
  • Сандық теңге;
  • ашық банкинг тұжырымдамасын дамыту;
  • сандық қаржылық активтер.

Толық зерттеу қазақ тілде сілтеме бойынша қол жетімді. 

Компаниялар туралы:

RISE Research – нарықты талдауға, финтех, венчурлық капитал, стартаптар, технологиялық экожүйелер және ТМД мен Орталық Азия аймағындағы үрдістер саласындағы зерттеулер мен консультацияларға мамандандырылған компания.

Mastercard (NYSE: MA) ― төлемдер саласындағы жаһандық технологиялық компания. Компанияның миссиясы – транзакцияларды қауіпсіз, қарапайым, ақылды және қолжетімді ете отырып, барлық жерде және барлығына пайда әкелетін инклюзивті сандық экономиканы қалыптастыру және нығайту. Қауіпсіз деректер мен желілерді, серіктестік қатынастарды және ынта-жігерді пайдалана отырып, біздің инновациялар мен шешімдер жеке тұлғаларға, қаржы ұйымдарына, мемлекеттік мекемелерге және бизнеске өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.

Национальная платежная корпорация Казахстана – банкаралық төлемдер мен ақша аударымдарын және банкаралық клирингті жүргізумен, ұлттық төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етумен, сондай-ақ қаржы және төлем технологиялары саласында ғылыми-зерттеу сараптамасын құру және дамыту, прототиптеу және пилоттық жобаларды іске асырумен айналысады.

Tarlan Payments – Қазақстандағы төлем жүйесі. Компания елдің ірі банктерімен – Халық, Жусан және Каспимен ынтымақтастық жасайды. Ай сайын жүйе арқылы 20 миллионнан астам транзакция өтеді.