АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Алматы қ. 2023 жылғы 15 қыркүйек
“Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы” акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Корпорация, «ҰТК» АҚ) “Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы”шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын (бұдан әрі – ҚБЕО) қайта ұйымдастыру арқылы өзінің құрылғаны туралы хабарлайды. Корпорацияның қызметі нарықтың барлық қатысушылары үшін тең қолжетімділік қағидаттарында ұлттық төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына бағытталған, соның ішінде:
Бұрын ҚБЕО ұсынатын өнімдер мен сервистер нарық қатысушыларына штаттық режимде көрсетіледі.
Корпорация 2023 жылы бұрын белгіленген жоспарларға сәйкес цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың қараша айында нарық қатысушыларымен бірлесіп ұлттық цифрлық валютаны енгізудің 1 кезеңі іске қосылады, оның шеңберінде тұтынушылар пилоттық режимде цифрлық теңгені қолма-қол және қолма-қол ақшасыз теңгемен қатар пайдалана алады. Пилоттық жобаның егжей-тегжейлері ағымдағы жылдың қыркүйек айында жобаны іске асыру туралы статус-баяндамада жарияланатын болады.
Нарық қатысушыларымен бірлесіп 2025 жылға дейін Open API & Open Banking тұжырымдамасыіске асырылуда, оның шеңберінде 2023 жылғы қарашада инновациялық сервистерді құру үшін нарық қатысушылары арасында банктік шоттар туралы ақпарат алмасу жөніндегі сервис пилоттық режимде іске қосылады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы қарашада пилоттық режимде әрекет етудің жеделдігін арттыру, білім базаларын байыту және аналитикалық әлеуетті кеңейту үшін нарықтың барлық қатысушыларынан алаяқтық операциялар туралы ақпаратты шоғырландыруға, сақтауға және өңдеуге мүмкіндік беретін алаяқтық транзакциялар туралы деректер алмасу орталығы (Antifraud-орталық) іске қосылады.
Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің 2 кезеңін енгізу және қаржы нарығын ISO 20022 халықаралық қаржылық қатынастар стандартына көшіру, сондай-ақ қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жұмыс жалғасуда.
Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері телефон арқылы ала алады:
+ 7 (727) 250-67-22
e-mail: press@kisc.kz