2. Саясатта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ресми интернет-ресурс – «ҰТК» АҚ интернет желісіндегі https://npck.kz мекенжайында орналасқан интернет-ресурсы;
2) қызметтерді пайдаланушы – «ҰТК» АҚ қызметтерін пайдаланатын заңды тұлға;
3) дербес деректер субъектісі (бұдан әрі-субъект) – дербес деректер жататын жеке тұлға;
4) дербес деректер – белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын дербес деректер субъектісіне жататын, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген мәліметтер;
5) сәйкестендіру-Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған субъект туралы мәліметтерді белгілеу және осы мәліметтердің дұрыстығын растау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
3. «ҰТК» АҚ субъектінің дербес деректерін, дербес деректер субъектісін бере отырып, қызметтерді пайдаланушы «ҰТК» АҚ мен қызметтерді пайдаланушының саясатта баяндалған шарттарда өзара іс-қимылы кезінде көрсетілген деректерді жинауға, пайдалануға, өңдеуге, сақтауға дербес деректер субъектісінің келісімін растайды.
4. Қызметтерді пайдаланушы «ҰТК» АҚ сұрау салуы бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге және дербес деректерді үшінші тұлғаларға беруге субъектілерден жиналған дербес деректер келісімдерінің бар-жоғын құжаттамалық растауды ұсынады.
5. «ҰТК» АҚ қызмет көрсету процесінде «ҰТК» АҚ қызметтерін көрсету үшін қажетті субъектілердің дербес деректерін ғана жинайды, өңдейді және сақтайды.
6. Дербес деректер мынадай мақсатта пайдаланылуы мүмкін:
7. «ҰТК» АҚ жинайтын, өңдейтін және сақтайтын дербес деректердің тізбесі көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне және (немесе) дербес деректер субъектісімен өзара іс-қимыл сипатына байланысты болады және жеткілікті және қажетті көлеммен шектеледі.
8. Аталған деректер жалпыға қолжетімді болған жағдайларды қоспағанда, субъектінің дербес деректеріне қатысты олардың құпиялылығы сақталады.
9. «ҰТК» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда дербес деректер субъектісінің келісімінсіз дербес деректерді беруге құқылы.
10. «ҰТК» АҚ өндірістік технологиялық процестер мен рәсімдерді оларды пайдалану алдында дербес деректерді жинау, өңдеу және сақтау мәніне тексеруді қамтамасыз етеді.
11. «ҰТК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді қорғауды жүзеге асырады.
12. Лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты дербес деректер белгілі болған «ҰТК» АҚ қызметкерлері олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
13. Дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.
14. Дербес деректердің шығу фактісі анықталған жағдайда «ҰТК» АҚ 24 сағат ішінде хабарлама жіберу арқылы қызмет пайдаланушыларын хабардар етеді.
15. «ҰТК» АҚ-да дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға қатысты туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.
16. «ҰТК» АҚ алдын ала келісусіз саясатқа (толық немесе бір бөлігінде) біржақты тәртіппен дербес өзгерістер енгізуге құқылы. Саясаттың барлық өзгерістері Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс және ол ресми интернет-ресурста орналастырылған кезден бастап күшіне енеді.
17. ҚР заңнамасына және басқа да қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалатын Саясаттың кез келген ережелері оның қалған ережелерінің жарамдылығына немесе заңды күшіне әсер етпейді.
18. Саясат жалпыға қолжетімді құжат болып табылады және «ҰТК» АҚ ресми интернет-ресурсында орналастырылады.